Оралдың Ұлттық ұлан  жауынгері  ел чемпионы атанды

6-10 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында  ересектер арасында «Муай-тай» спорттық жекпе-жегінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Аталмыш бұл сайысқа еліміздің 11 аймағынан келген 110 тайбокшы қатысты.  Олардың арасында Азия, Еуропа, Әлем чемпионатның жеңімпаздары мен жүлдегелерлері де бар.

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының муай-тай федерациясының президенті Фархат Аманқұлов сөз сөйлеп, бұл сайыстың барлық спортшылар үшін маңызды жарыс екендігін естеріне салды. Себебі, бұл жарыстың жеңімпаздары мамыр айында Греция елінде өтетін әлем чемпионатына қатысады. Сонымен қатар, муай-тай спортының қазіргі уақытта олимпиада ойындарына қосылатыны туралы айтып, бұл спорттың дәрежесі көтеріліп жатқаны туралы атап өтті.

Сондай-ақ, аталмыш бұл сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал  қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің қызметкері Нәсіпқалиев Алиде өз бағын сынаған болатын. Ерлер арасындағы  91 келі  салмағында күш сынысқан ұландық өз қарсыластарына есе жібермей , сайыс қорытындысы бойынша жарыс жеңімпазы атанды.

  • Муай-тай спорты физикалық тұрғыдан көптеген дайындықты талап ететін спорттың түрі. Себебі бұл спорт түрінде ешқашан жеңіл жол болмаған. Кез-келген жарыста көптеген жарақаттар алсамда өзімнің табандылығымның арқасында бүгінде осындай дәрежеге жетіп отырмын. Сайысқа қатысқан барлық қарсыластарым осал болған жоқ, әрқайсысы өз аймағынан келген чемпиондар. Алайда мен үшін ең қиын кезең ол ақтық мәре  болды. Өзімнің табандылығымның арқасында қарсыласымнан есе түсіп ел чемпионы атанды. Алдағы уақытта әлем чемпионатына дайындығымды бастаймын деді- Нәсіпқалиев Али.

Сайыс қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте Алматы облысы топ жарса, БатысҚазақстаннан келген спортшылар 6 шы орынға табан тіреді.

                                                              ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *