Әскери бөлімінде сазды кеш өтті/  У гвардейцев – вечер музыки

 7 ақпан күні Орал қаласында орналасқан  Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші, сахна саңлағы, ұлағатты ұстаз Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған «Әнін көкке қалықтатқан» атты сазды кеш өткізілді.

Кеш барысында тума талант, біртуар дарын иесі Ғ.Құрманғалиев туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дәстүрлі ән бөлімі студентері Мұғалімов Нұрлыбек пен Еролла Майра, Ғарифолла Құрмаңғалиевтің репертуарындағы «Асылжан», «Досыма», «Сүйген жар» әндерін шырқап берді. Аталмыш іс-шара Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық кітапханасының ұйымдастыруындағы «Жез таңдай, күміс көмей ән еркесі» атты кітап көрмесімен өз жалғасын тапты.

ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

7 февраля в воинской части 5517 Национальной гвардии Республики Казахстан, расположенной в городе Уральск, прошел музыкальный вечер, посвященный 115-летию народного артиста Казахстана, известного певца, артиста эстрады Гарифолла Курмангалиева.

В ходе вечера был показан видеоролик про обладателя природного таланта Гарифоллы Курмангалиева. Кроме того, на мероприятии выступили студенты кафедры традиционного пения Западно-Казахстанского государственного университета имени Махамбета Отемисулы и исполнили песни «Асылжан», «Досыма», «Сүйген жар» из репертуара артиста. А также, на мероприятии было организованно книжная выставка на тему «Жез таңдай, күміс көмей ән еркесі».

Пресс-службы РгК «Батыс» НГ РК

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *