Жылу беру кезеңінің басынан бері (1 қазаннан бастап) тұрғын үй секторында 124 өрт оқиғасы орын алды, онда 1 адам қаза болып, 2 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрттер санының 6% — ға (2022-2023 жж. — 132), қаза тапқандар санының 80% — ға төмендеуі (2022-2023 жж. — 5) және жарақат алғандар санының 1 жағдайға (2022-2023 жж. — 1) өсуі байқалуда.
Өрттердің алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторнда профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Оның барысында тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер, нұсқамалар жүргізіледі, өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар, шұғыл қызмет телефондары бар жадынамалар мен парақшалар табысталады.
Тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларының қарапайым талаптарын қатаң сақтау қажет:
- жылыту құралдарын пайдалану кезінде оқшаулағышы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;
- электр жылыту құралдарын жанғыш заттардың жанына орнатпаңыз;
- үйден шыққан кезде барлық электр жылыту құрылғыларын өшіруді ұмытпаңыз;
- жылу беру кезеңі басталар алдында түтіндіктерді күйеден тазалауды ұмытпаңыз;
- жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыз;
- жанып жатқан пештерді, желіге қосылған электр қыздырғыш және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
- электр желісінің артық жүктелуіне әкелетін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын бір мезгілде қосуға жол бермеңіз;
- барлық тұрмыстық электр құрылғыларының жұмысын бақылаңыз;
- пәтерде газ иісін сезген жағдайда, электр жарығын қосуға, сіріңкені жағуға, темекі шегуге, ашық отты пайдалануға жол бермеңіз. Мұндай жағдайда шұғыл газ қызметін шақырып және ол келгенге дейін үй жайды толықтай желдету қажет;
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз — балалардың отпен ойнауы да өрт себептерінің бірі болып табылады.
Өрт немесе түтін пайда болған жағдайда нақты мекен-жайын көрсете отырып өртке қарсы қызметіне, «101» немесе «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы