Таң ертең жұмыс уақыты бастала салысымен қым-қуыт қарбаласқа айналатын қоғамдық қабылдау бөлімінің есігін жағалай келген әр тұрғынның мәселесі өзекті. Мәселенің аяқсыз қалмауы үшін жауапты мамандар барын салып келеді. Халық пен билік арасындағы алтын көпір іспетті бұл бөлімнің қызметкерлері өз ісінің маманы ғана емес, өз саласына жан-тәнімен берілген үздіктер деуге тұрарлық. «AMANAT» партиясы БҚОФ-тың қабылдау бөлімінде жыл басынан бері 1801 өтініш тіркелген. Олардың 51%-на түсіндірмелер беріліп, 2%-ы мамандар бақылауында.
Қоғамдық қабылдау орындарында 1189 қабылдау жүргізіліп, 1672 адам қабылданды, бұл дегеніңіз 1672 азаматтың мұң-мұқтажы тыңдалып, жауапты мамандарға үн қатылды деген сөз.
Соның ішінде:
- «АМАНАТ» партиясы фракциясының мүшелері – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – 9 қабылдау (69 адам, оның ішінде 38% мәселелер оң шешімін тауып, 62% түсініктеме берілді);
- Барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарлары – 46 қабылдау өткізілді (131 адам);
- «АМАNАТ» партиясының облыстық және аумақтық филиалдарының төрағалары – 104 қабылдау өткізілді (136 адам);
- «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшелері – барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары –824 қабылдау өткізілді (1065 адам);
- Жергілікті атқарушы органдардың басшылары – 124 қабылдау (250 адам);
Сонымен қатар, арнайы жобалар аясында көмекке жүгінген тұрғындар да жеткілікті:
- «Құқықтық көмек» жобасы аясында – 42 қабылдау (104 адам);
- «Табысқа апарар жол. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» жобасы аясында – 2 қабылдау (10 адам қабылданып, 3 адам жұмысқа орналастырылды);
- Платформадағы сұраныстар бойынша (E-Otinish) – 121 сұраныс(70 (86%) аяқталды және 11 (14%) аяқталуда);
- «Мобильді қабылдау» аясында шалғай жатқан 55 елді-мекенде қабылдау өткізіліп 284 адам қабылданды (74 азаматтың өтініші оң шешімін тапты);
Айта кету керек, 21-23 қараша күндері «Құқықтық көмек» жобасы аясында заңгерлер, адвокаттар мен медиаторлар, жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Р. Бирманов және Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Жаншин және Батыс Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А. Жұбаныш қатысты.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алды. «Құқықтық көмек» жобасы аясында тұрғындарды қабылдау 22-23 қараша күндері де жалғасын тапты.
Тұрғындардың жиі жүгінетін көмектері тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, коммуналдық салаға қатысты. Азаматтардың өтініштері мен шағымдары міндетті түрде жазылып алынып, партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп отырады. Осының негізінде жол картасы жасақталып,оның орындалуы ұдайы партия назарында болады.
«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі