Үлкенге құрмет — қазақ халқының тағы бір жағымды қасиеті. Дәстүр бойынша, кішкентайынан баланы өмірде үлкендермен, дана адамдармен сөйлесу кезінде ұстамдылық пен әдептілікке үйретеді.
Алайда жоғарыда аталған ұлттық сипаттамалар, олардың пайда болуының негізі қоғамдық қатынастардың (дәстүрлердің) жалпыланған нормалары мен принциптері болып табылады, бақытымызға орай, тек қазақ халқының өкілдеріне ғана тән емес. Сондықтан, төменде сіздерге қазақ қоғамында кең таралған негізгі әдет-ғұрыптардың тізімін ұсынамын.
Некеге байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар.
Қазақ халқы үшін жетінші буынға дейін туыстар арасында некеге тұруға тыйым салынған. Бұл туыстық қан араласудың алдын алуға көмектеседі және болашақ ұрпақтың денсаулығына жағымды әсер етеді.
Бұған қоса, бұрынғы заманда ерте жастан неке қию жастарды әдепсіз қылықтардан сақтайтындығына сенген, сонымен қатар сау балалардың дүниеге келуінің алғышарттары болып саналатын. Сондықтан қыздарды 13-14 жасында күйеуге беретін. Алайда, бүгінгі Қазақстанда ерте некеге тұру дәстүрі қолданылмайды.
Қазақ қоғамындағы кез-келген үйлену тойды құдалықтан бастайды. Үйлену той қарсаңында қалыңдықтың үйіне құдалар келеді. Олардың міндеті — қыздың жақын туыстарымен оның некеге тұруы туралы келіссөздер жүргізу. Егер келіссөздер сәтті өтсе, әкесі өз тарапапынан бас құдаға шапан тапсырады. Бұл әдет «шеге шапан» деп аталады. “Құйрық бауыр” жегізу – құдалықтың табысты аяқтағандығын айғақтайды.
Мерекенің келесі кезеңі — «Қыз қазату» қызды шығарып салу дәстүрі. Салтанаттың алдында кешке қыздың үйіне құдалар тағы келеді. Қоштасу рәсімі қазақтың «Жар-жар» әнін орындаумен қатар жүреді. Қалыңдықпен кездесудің салтанатты рәсімі келін түсіру деп аталады. Келін түсірудің негізгі элементі — «Беташар» әнін орындау. Бұл әнде дәстүрлі нұсқаулар мен тілектер айтылады.
Ертеде, қазақтар көшпелі өмір салтын ұстанған кезде, жас жұбайлардың үйі (киіз үй) күйеу жігіттің ата-анасының үйінің артында тұрған. Дәстүр бойынша, қалыңдық алдымен киіз үйдің табалдырығын аттауы керек еді, мұны оның оң аяғымен жасау керек. Сондай-ақ, үйлену рәсімі кезінде жас жұбайлар қант пен тұз еріген ыдыстан бірге ішуі керек. Аңыз бойынша, бұл рәсім бақытты отбасылық өмірдің кепілі болып табылатын.
Баланың өмірге келуі мен тәрбиесіне байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар.
Шілдехана — баланың дүниеге келуіне байланысты мереке.
Бесік той — жаңа туған нәрестені бесікке салғаннан кейін ұйымдастырылатын мереке. Әдетте, ол нәрестенің кіндігі түскеннен 3-5 күн өткен соң ұйымдастырылады.
Қырқынан шыгару — бала туылғаннан кейінгі қырықыншы күні жасалатын ырым. Сәбиді 40 қасық суға шомылдыру, сондай-ақ алғашқы шаштар мен тырнақтарын кесу дәстүрі.
Тұсау кесу — қазақтың әдет-ғұрпы бойынша бала алғашқы қадамын жасаған күні ауылдағы ең кәрі және құрметті адам шақырылды. Ол пышақпен баланың аяғына байланған арнайы арқанды кеседі. Бұл болашақта сәби әдемі жүріп, тез жүгіруі үшін жасалды.
Сүндетке отырғызу рәсімі. Бұл дәстүр бала 5-7 жаста болған кезде жасалады. Бұл күні баланың әке-шешесі молданы осы процедураны орындайтын киіз үйге шақырады. Ол үшін молда жомарт сыйақы алады. Сүндетке отырғызуға орай үлкен мереке ұйымдастырылады, оған барлық туыстары мен достары шақырылады. Келген қонақтар сүндетке отырғызылған бала мен оның ата-анасына түрлі сыйлықтар жасайды.
БҚО қоғамдық даму басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы шеңберінде