Орал әуежайын дамыту болашағы

Орал халықаралық әуежайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың әуежай құрылтайшыларымен кездесуі өтті. Кездесу аясында Орал халықаралық әуежайының бақылау кеңесінің мүшесі Михаил Берман және Орал әуежайының директоры Рустам Биктимиров әуежайды дамыту тұжырымдамасымен таныстырды.

Спикерлер дамудың төрт негізгі бағытын белгіледі. Бұл-әуежайды техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту жүргізу, персоналмен толықтыру, жолаушылар және жүк тасымалдарын дамыту. Меншік иесі ауысқан сәттен бастап әуежайда аталған бағыттар бойынша біршама жұмыстар атқарылды. 17 техника мен механикаландыру құралдары сатып алынды, қызметкерлерді қабылдау және оқыту жүріп жатыр, қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялармен жаңа рейстер ашу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Түркістан мен мысырлық Шарм-эль-Шейхке жаңа рейстер ашылды. Антальяға тікелей рейс те ашылған. Ағымдағы жылы жолаушылар ағыны 400 мың адамға дейін артады деп күтілуде.

Жүк тасымалы бөлігінде перспективалық мақсат жүктерді өңдеу бойынша толыққанды логистикалық орталық құру мәселесін пысықтау болып табылады. Ол үшін жүк терминалын салудан басқа, перронды қайта құру және ұшу-қону жолағын ұзарту қажет.

Көптеген мәселелерді шешудің және жоспарларды жүзеге асырудың тежегіші-перрон мен жермен жүру жолының жағдайы. Осыған байланысты әуежай басшылығы әуеайлақты қайта құруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жермен жүру жолын, перронды және әуе кемелерінің тұрақ орындарын жөндеу және қайта құру.

Өз тарапынан ҚР ИИДМ басшысы М.Қарабаев республикалық бюджеттен қаражат тарта отырып, перронды қайта құрумен бір мезгілде жасанды ұшу-қону жолағын ұзарту бойынша жұмыстар жүргізу мүмкіндігін пысықтауды ұсынды. Бұл алыс қашықтықтағы жүк және жолаушылар әуе кемелерін қабылдау үшін шектеулерді толығымен алып тастауға мүмкіндік береді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *