Орал қалалық мәслихатының №3 сайлау округы бойынша «AMANAT» партиясы атынан депутаттыққа кандидат

Татаханова Айдана Сабырқызы

Өмірбаяны

Татаханова Айдана Сабырқызы 1994 жылы 4 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Ақтау ауылында дүниеге келген.

2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан М.Өтемісов атындағы университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша бакалаврды аяқтады.

2016-2018 жылдары аталған мамандық бойынша магистрлік қорғады.

Ұстаз, филология ғылымдарының магистрі. Жас болса да жаңашыл ұстаз. Шәкірттері түрлі байқаулар мен олимпиада жүлдегері. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып,  «AMANAT» партиясы атынан Алғыс хат иегері.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Отандық “Хан” брендін дамытып отырған кәсіпкер.

Сайлауалды бағдарламасы

️ Округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас

️ Округ бойынша кірме жолдарды жөндеу мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету

️ Көшелерді жарықтандыру

️ Білім беру орталықтарымен тығыз жұмыс

️ Халықтың әлеуметтік жағдайын реттеу, жан-жақты қолдау

 

Ескі қалаға — жаңа өмір!

Жас келсе іске!

Болашақ жастардың қолында!

 

Республикалық сайлау қоры қаражатынан төленді

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *