Қазір сұлулық қызметтері нарығы әртүрлі ұсыныстармен толықтырылған. Көптеген шеберлер сұлулық студияларында орынды жалға алып, өз салонын құру туралы ойланады. Цырулик Анастасия Владимировна «Белый цвет» сұлулық салонының негізін қалаушы, тырнақ қызметі мен подология саласында кәсіби қызмет көрсететін, сондай-ақ тырнақ қызметі техникасын үйретуге мамандандырылған шебер. Анастасия өзінің сүйікті ісімен 7 жылдан астам уақыт айналысып келеді және өзін осы саладағы сұранысқа ие мамандардың бірі ретінде көрсетті.
2020 жылдың соңында Анастасия «Сбербанк» АҚ ЕБ-не сұлулық салоны үшін үй-жай сатып алуға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге кредит алу үшін жүгінді, онда оған «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жылдық 14% — бен қарыз мақұлданды, оның 8% — ын мемлекет субсидиялайды. Ұсынылған кепілдің жеткіліксіздік мәселесі «Даму» қорының кепілдігі арқылы шешілді.
«Сұлулық салонында жұмыс істеген кезде мен бұл саланы іштен зерттедім, беделге ие болдым, клиенттік базаны жинақтадым, болашақта өзімнің салонымды ашамын деп шештім. Менің арманым орындалды!»,- дейді Анастасия.
Бүгінгі таңда «Белый цвет» сұлулық салонында әйелдер, ерлер арналған шаштараз қызметтері, тырнақ қызметтері барлық түрлері ұсынылады. Студияда өз ісінің шебері-кәсіпқойларының керемет командасы жұмыс істейді, олар күннен күнге Орал қаласының әйелдерін одан да әдемі етеді.