Сүт- басқа азық-түлікке тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Сүт және сүт өнімдері күнделікті тұтынатын өнімдер қатарына жатады. Ағзаға оның құрамды бөлігінің 95-98 % сіңеді. Сүт -амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, дәрумендердің таптырмайтын көзі. Оның құрамында ағзаға жеңіл сіңетін құраушылар бар, олар кальцийді, дәрумендерді (А, В2, В1, Е, D, C), сондай-ақ көптеген басқа қоректік құндылықтарды жеткізеді.
Қазіргі танда Белоруссия, Қазақстан Республикаларында және Ресей Федерациясында техникалық реттеудің бірегей ережелері мен негіздері туралы келісіміне сәйкес негізделген 2011 жылдың 18 қарашасындағы Евразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 3-бабына сәйкес Евразиялық экономикалық одақ Кеңесінің 2013 жылдың 9 қазанындағы №67 шешімімен бекітілген, 2014 жылдың 1 мамырында күшіне енген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 033/2013 Техникалық регламенті қолданыста. Бұл техникалық регламенттің негізгі мақсаты- адам өмірі мен денсаулығын және дүние мүлігін, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыларды жаңылыстыру іс-әрекеттерін алдын алу болып табылады.
Сүт және сүт өнімдері тез бүлінетін өнімдер қатарына жататын болғандықтан, оны өндіру кезінде, сонымен қатар оны сақтау, тасымалдау және сату кезінде мынадай техникалық талаптар сақталуы тиіс : сүт және сүт өнімдерін тасымалдау үшін тиісті санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптары сәйкес келетін, белгіленген тәртіппен рәсімделген санитарлық паспорттары бар арнайы көлік құралдарының , олардың шыққан жерін, қауіпсіздігін, сақтау шарттары мен сақтау мерзімін растайтын құжаттарының болуы, олардың ластануы мен бүлінуін болдырмауды қамтамасыз ететін шарттардың сақталуы.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ай сайын өнімдердің(тауарлардың) қауіпсіздігіне мониторинг, сонымен қатар өнімнің сапасын бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерінің (тауарлардың) сапалық және қауіпсіздік көрсеткіштеріне зерттеулер «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалында жүргізіледі. Ағымдағы жылы Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен сүт және сүт өнімдерінің техникалық регламент талаптарының сәйкестігіне зерттеулер жүргізу үшін 51 сынама алынды. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы бойынша 8 сынамада сәйкессіздіктер анықталды: атап айтқанда 4 сынама тағам өнімдерінің таңбалануы және 4 сынама микробиологиялық көрсеткіштер бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмеді. Анықталған сәйкессіздіктер бойынша 8 бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым беріліп, 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.Жеке кәсіпкерлерге сәйкес келмейтін өнімдерді сатылымнан алып тастау және жеткізушіге қайтару тапсырылды.
Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Орал қаласының тұрғындары мен қонақтарына тауарды таңдауда олардың таңбалануы мен сапасына мән беруіне шақырады. Тұтынушылар белгілі бір өнімнің неден жасалғанын, оның құрамына не кіретінін, оның құрамында аллергендер немесе ықтимал қауіпті заттар бар-жоғын және т.б. білуге құқығы бар. Сауда нысандарында таңбалау талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер (тауарлар) анықталған жағдайда, қала тұрғындары мен қонақтары Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарласа алады. 90001, БҚО, Орал қаласы, Д.Нұрпейісова к-сі, 19, тел.: 8(7112)514135, E-mail: uralsk.ukkbtu@dsm.gov.kz
Ахетова С.Ж.
Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы