«АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының мақсат-міндеттерін түсіндіруге арналған 40 күнге созылатын республикалық ақпараттық марафон аясында мобильді топтар облыс тұрғындарымен кездеседі.
Мобильді топ мүшелері 5 тамыз бен 12 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының ауылдары мен ауылдық округтерінің тұрғындарына арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырады. Мобильді топ құрамында партия филиалдарының атқарушы хатшылары, аудандық мәслихат депутаттары, бизнес-тренерлер бар.
«Ауыл АМАНАТЫ» жобасы аясында еліміздегі әрбір ауыл мен қаланың өндірісінің басым бағыттары айқындалып, географиялық ерекшеліктері, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстары бойынша сандық деректер жинақталуда. Жиналған ақпарат жобалық кеңседе талданады, одан кейін ауылдық округтердің экономикалық мамандануына сәйкес тиісті әдістемелік көмек көрсетіледі.
Жоба мақсаты:
Ауылдық округ тұрғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру.
Жобаның артықшылығы – 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру. Сонымен қатар, тұрғындар ауыл шаруашылығы саласының мамандарынан да кеңес ала алады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмыс кестесі:
Ақжайық ауданы: Алмалы, Ілбішін, Жаңабұлақ пен Бударин ауылдары;
Орал қаласы: Круглоозерное ауылы;
Бәйтерек ауданы: Переметное ауылы;
Тасқала ауданы: Ақтау, Тасқала ауылдары;
Казталов ауданы: Жалпақтал, Бостандық ауылдары;
Жәнібек ауданы: Күйгенкөл мен Ұзынкөл ауылдары;
Бөкейорда ауданы: Бисен, Ұялы ауылдары;
Жаңақала ауданы: Жаңақазан, Жаңақала ауылдары;
Теректі ауданы: Подстепное мен Теректі ауылдары;
Бөрлі ауданы: Бөрлі ауылы, Ақсай қаласы;
Шыңғырлау ауданы: Ащысай, Шыңғырлау, Ақбұлақ ауылдары;
Сырым ауданы: Алғабас, Жымпиты ауылдары;
Қаратөбе ауданы: Қоскөл, Егіндікөл ауылдары.