Қасиетті Рамазан айында барша мұсылман баласы ауыз бекітіп, ауызашар беріп сауапқа кенелетін ерекше мерзім екені баршаға аян. Рамазан айында аузын бекіткен бауырларымызға ауызашар беру, мұсылман адам өзі ораза ұстап, шексіз сауапқа кенелгендей өзгелерге ауыз аштыру оданда сауапты іс. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
«Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген – ораза ұстаған адамның алатындай сауап табады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», — деген. Рамазан жомартық айы болғандықтан дәулетті жандардың осы айда мұқтаждар мен тұрмысы нашар кісілерге ауыз аштыруы үлкен сауап.
Осыған орай Қасиетті Рамазан айында Орал орталық мешітінде жамағатымызға дін жанашырлары күніне 200-250 адамға ауызашар беруде. Осы игілікті шараны пайдалана алғашқы болып Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев ұлық аймен құттықтап, уағыз айтып, жамағатымызды ауыз-біршілікке, ынтымаққа шақыруда, білімдерін арттыруға барынша көңіл бөлуде. Мақсатымыз халқымызды сауаттандырып, ислам дінінен сусындауға бар мүмкіншілік жасау.
Қазір уақытта ауызашарлар қала, аудан, ауыл мешіттерінде берілуде. Ораза қабыл болсын, ұстаған жан!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі