Қазіргі кезде жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандық таңдау. Сондықтан «Кім боласың?» деген сұраққа әркім әртүрлі жауап береді.Көптеген оқушылар ата-анасы, туыстары, мұғалімдері қалаған мамандыққа баруды ұйғарады. «Диплом алып алайын, қалғанын көре жатармын» деп ойлайды. Дәл осылай ойлаған қаншама адам кейін мүлде басқа салада табысты жұмыс істеп жүр. Кейде ата-анасына ерегесіп, мамандық алмағандар да ақыл тоқтатқан кезде өкініп қалып жатады.
Бұл ретте, көптеген мүмкін және қол жетімді мамандықтардың арасында біздің елімізде әрдайым лайықты және сұранысқа ие болатын мамандық бар. Бұл Отан қорғаушы мамандығы.
Офицер мамандығы басқа мамандықтармен теңдесі жоқ, егер айтуға болатын болса, аса аса жауапты мамандық.Офицердің иығында кез-келген басқа мамандықтың жауапкершілігімен салыстыруға келмейтін жауапкершілік жатыр. Офицер болу дегеніміз-адал болу және Отан мен өз халқының игілігі үшін адал қызмет ету.
Бүгінгі таңда офицер мамандығын таңдауда қандай артықшылықтар бар? Оқуға қайда бару керек?Біздің бұл осынау сауалдарымызға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Алкайдаров Сағындық Ахмадиұлы жауап берді .
-Подполковник мырза, Ұлтық ұлан әскерінің тарихы мен міндеті туралы айтып берсеңіз?
-Ұлттық ұлан жауынгерлерінің атқаратын рөлі ерекше.Темірдей тәртіпке бағынған олар күндіз-түні кірпік қақпай жауынгерлік қызметте жүреді. Әскери киім киіп, Отан үшін адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік жүктейді.
Осыған орай ағымдағы жылдың 10-қаңтарында мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің тәуелсіздік алуымен құрылған Ішкі әскерлердің, қазіргі Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының құрылғанына 30 жыл толды.
Тарихқа бет бұрсақ, КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан егеменді мемлекет құру жолына түсті. Қоғамдық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Президенттің 1992 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Қазақстан аумағында орналасқан КСРО ІІМ Ішкі әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінен Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері құрылды.
Ал, 2014 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.
Осы сәттен бастап 1992 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Ұлттық ұланының тарихы мен қызметтік-жауынгерлік қызметінің жаңа есебі басталды.
Бұл ұрпақтар сабақтастығын бейнелейді және Ұлттық ұлан, ең алдымен, азаматты, қоғамды, оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және басқа да заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауға арналған ішкі әскерлердің тікелей мұрагері екенін көрсетеді.
Бүгінгі таңда әскерлер өз қызметін берік заңнамалық негізде ұйымдастырады.Қарауылдар, әскери нарядтар құрамындағы әскерлердің әскери қызметшілері еліміздің ірі қалаларында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қиын жауынгерлік қызметті тәулік бойы атқарады, түзеу мекемелері мен маңызды мемлекеттік объектілерді
Біздің жауынгерлеріміз Төтенше жағдайлар кезінде қойылған міндеттерді сәтті орындауда. Ұлттық ұлан-мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең ұрысқа қабілетті құралымдардың бірі. Әскерлер аса маңызды стратегиялық объектілер мен түзеу мекемелерін күзетуді жүзеге асырады, ішкі істер органдарымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға елеулі үлес қосады.
Сондай-ақ, Ұлттық ұланның әскери бөлімдері орналасқан жерде жалпы орта білім беретін мектептерде, мектеп-лицейлерде, мектеп-гимназияларда «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубтары мен кадет сыныптары ашылды, олар бөлім командирлерінің бұйрықтарымен бекітіліп, ынтымақтастық туралы меморандумдар, бірлескен жоспарлы жұмыстар мен сабақ кестелері жасалды. Оның аясында клуб оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетіліп, қоян-қолтық ұрыс, саптық дайындық және т. б. бойынша танымдық сабақтар өткізілді.
Сонау тәуелсіздік жылдарында ел Президентінің Жарлығымен ерлік пен батырлық көрсеткені үшін 200 –дей әскери қызметші түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталды, олардың 40–тан астамы орденмен, сондай-ақ полковник Қайрат Үмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Халық қаһарманы»атағы берілді..
Ұлттық ұлан әрқашан қылмысқа қатаң тосқауыл қоюға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, елдегі тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және қамтамасыз етуге қабілетті қуатты мемлекеттік жүйе ретінде әрекет етеді.
Сондықтан бізге, Отан қорғаушыларға, құқықтық тәртіп әскерлерінің дәстүрлерін сақтау, көбейту және кейінгі ұрпаққа беру ерекше тарихи жауапкершілік жүктелген.
-Сағындық Ахмадиұлы, Ұлттық ұланға офицер кадрларын кайда дайындайтынын оқу орын бар айтып өтсеңіз?
-Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты 1997 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасы Үкiметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына (Петропавл қаласы) жоғары әскери–арнайы бiлiмдi офицерлердi дайындау мақсатында құрылды. Ал,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясы» болып қайта құрылды.
Әскери институттың Академия болып қайта құрылуы әскери және ғылыми-педагогикалық кадрларды, барлық бағыттағы жедел-тактикалық деңгейдегі кәсіби мамандарды дайындаудың тиімділігін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеуді жүргізуге, офицерлер мен ішкі істер органдары және басқа да күштік құрылымдардың қызметкерлерін қайта даярлауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда оқу орнының түлектері ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ІІМ ТЖК, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдерінде және ҚР ІІМ мен ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелерінде сұранысқа ие.
Ал, 2009 жылдан бастап әскери оқу орын әскери кадрларды даярлау бойынша халықаралық деңгейге шықты. Үкіметаралық шарттарға сәйкес бізде Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасынан келген курсанттар оқиды.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз өз болашағын офицер мамандығымен байланыстыруды армандайтын әскерге шақыру жасындағы жастарды, Ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің балаларын Ұлттық ұланның Петропавл Әскери институтына түсуге шақырамыз.
Академияға Қазақстан Республикасының жасы мына шамадағы орта бiлiмдi азаматтары қабылданады:
1) әскери қызметті өтемеген, оқуға түсер жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспайтын азаматтық жастардың құрамындағы адамдар;
2) жиырма төрт жасқа дейінгі әскери қызметті өтеген азаматтар және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер;
3) жиырма төрт жасқа дейінгі келісім-шарт бойынша әскери қызметті өтеп жүрген әскери қызметшілер.
Әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарын бітірген тәрбиеленушілердің әскери оқу орнына түсу мүмкіндігі басым.
— Әскери академияға абитуренттер ақылы немесе тегін оқуға түсе ме?
– Біріншіден, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскерлерінің жоғары оқу орнына түсетін курсант мемлекеттік тапсырыс бойынша, яғни тегін негізде оқиды. Оларда күніне үш рет тамақтану, ақшалай үлес, киім-кешек, қажетті оқу әдебиеттері бар. Барлығы міндетті түрде «ВС»санатындағы жүргізушіге дайындықтан өтеді. Яғни, олар өмірде әрқашан пайдалы мамандық алады. Тіпті жазғы және қысқы каникул кезінде жол шығындарын мемлекет өз мойнына алады. Жағдай өте тартымды, өйткені Ұлттық ұланға ең жақсысы келуі керек. Байқау бір орынға 3 адамнан кем емес.
-Подполковник мырза, талапкерлер қандай емтихандарға дайын болуы керек?
– Біз әрқашан өзіңізде спорттық киім болуы керек екенін ескертеміз. Бірінші кезеңде барлығы дене шынықтыру нормативтерін тапсырады. Олардың саны онша көп емес, бірақ, мысалы, гимнастикалық жаттығулар, 100 метрге және ұзақ қашықтыққа жүгіру қарастырылған. Міндетті түрде медициналық куәландыру жүргізіледі.
Денсаулық жағдайынан басқа, олар психологиялық ерекшеліктерді, кәсіби бейімділікті, стресске төзімділікті қарастырады.Балаларға тез тапқырлық, ұқыптылық, есте сақтау, логика бойынша тесттер ұсынылады. Тек дәрігерлердің жақсылығын алғандар ғана қабылданады.
Ұбт математика, қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі, сондай – ақ таңдау пәндерінің бірі-физика, география, дүниежүзі тарихы, химия, биология бойынша өткізіледі. Мен құпияны аша аламын: математикадан алған баллға ерекше назар аударыңыз. Биыл ҰБТ тапсырмағандар кешенді тестілеуден өтуге мәжбүр болады. Егер кандидат жоғары оқу орнына түсу үшін өту балын ала алмаса, ол конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Академия жеті мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензиясы бар: Ұлттық ұланның командалық-тактикалық, командалық-тактикалық тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар, байланыс әскерлерінің командалық-тактикалық, әскерлерді командалық-тактикалық инженерлік қамтамасыз ету, әскерлерді командалық-тактикалық зымырандық-артиллериялық қамтамасыз ету, әскерлерді командалық — тактикалық автомобильдік қамтамасыз ету, әскерлерді командалық-тактикалық тылдық қамтамасыз ету.
Оқыту бағдарламасында курсанттарды «ӘК» санатындағы жүргізушілер және ЭЕМ операторлары ретінде даярлау көзделген. Жыл сайын барлық емтихандар мен сынақтарды сәтті тапсырған курсанттар мен тыңдаушыларға каникулдық демалыс беріледі (жазда — 30 тәулік, қыста – 14 тәулік). Жазғы демалыс орнына бару және қайту тегін.
— Егерде біреу әскери академияға түсуге ниет білдірсе, онда ол толық ақпарат алу үшін қайда бару керек ?
— Әрине, ҚР Ұлттық ұланы Әскери академиясына оқуға түсу туралы толық ақпаратты қалаған адамдар Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөліміне ала алады институттың өзі мына мекен-жайда орналасқан: 150009 Петропавл қаласы,Юбилейная көшесі, 6. Немесе сайт арқылы: www.vivv.kz, e-mail: pvvu.vv@mail.ru.
—Әңгімеміздің соңын патриотизм ұғымымен жалғасақ.Ел тыныштығын қамтамасыз ету де отансүйгіштіктің нағыз белгісі болып табылады емес пе!? Патриотизмнің бастауы неде деп ойлайсыз.
-Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру.
Әскери жарғылардың негiзгi идеясы — патриотизм, әрбiр жауынгердiң Отанды қорғаудағы жауапкершiлiгi, әскери борышына, әскери антына шексiз берiлгендiгi. Әскери жарғылар барлығы бiр мақсатқа бағытталған.Әскери орта – нағыз ер азаматтарды, патриоттарды тәрбиелеп шығаратын орын. Әскери құрылымда әр адам жан-жақты шыңдалып шығады. Жас ұрпаққа сапалы бiлiммен бiрге, саналы тәрбие беру қай кезде де өзек-тiлiгiн жоғалтқан емес.
Менің пікірімше, патриоттық тәрбиені бойына сіңіре алмаған, бала кезінен батырлар туралы ертегілер тыңдап, елдікті, ерлікті ұлықтайтын өлеңдер жаттап, аңыз-эпостық шығармаларды етене қабылдамаған, былайша айтқанда ұлттық рухты қанына сіңірмеген жігіттің бойында мейлі бес кісінің қайраты болса да, ол патриот атана алмайды.
Ең басты күш – тәрбие. Тәрбиемен шыңдалған патриотизм – Отанды қорғау сәтінде өз жемісін береді. Сондықтан патриотизм отбасынан басталады деп сенемін. Туған жерге деген сүйіспеншілік туған табалдырықты құрметтеуден басталады.
Қазақ даласының жауынгерлері әрқашан ар-намыстың, қадір-қасиеттің және патриотизмнің бейнесі болған. Біз барлық ұрпақтардың жауынгерлеріне Отан үшін ауыр сынақтар мен бейбіт уақыттағы жауынгерлік еңбегі үшін көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін терең ризашылығымызды білдіреміз.
Өткен аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлері бүгінде Ұлттық ұланның сапында қызмет етіп жүрген жауынгерлермен лайықты жалғасын табуда. … Отанын сүйген азамат қана елін асқар мұраттарға жетелемек. Патриотизмнің қайнар бастауы да – осылар.
Ел тыныштығын қамтамасыз ету-отансүйгіштіктің нағыз белгісі. Отанымызды күзету – үлкен абырой, асқан жауапкершіліктен тұратынын үнемі есте ұстауымыз қажет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. жақыны мен жатқа бейбітсүйгіш, меймандос ниетімен танылған асыл халқымыздың асқақ мұраты – ел егемендігі мәңгілік баянды болсын.
—Сұхбатыңызға рахмет.
Сұхбатасқан подполковник Ерболат Сұлтанов, Орал.