Ақжайықтағы ЖРВИ, тұмаумен бойынша жағдай және алдын алу шаралары

Ағымдағы эпидемиологиялық маусымда тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес деп сипатталады. 2021 жылдың 1 қазанынан басталған эпидемиологиялық маусымда жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 2,4 есе өсуі байқалады (2020-2021ж. эпидмаусымда 14707 жағдай анықталса, 2021-2022 ж. эпидмаусымда 35552 жағдай тіркелген).

ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар – 53,2%, 1 жасқа дейінгі балалар — 6,37%, жүкті әйелдер — 0,44% құрайды. Эпидемиологиялық маусым басталғалы пневмонияның 378 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 97,8%, өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

Батыс Қазақстан облысында А тұмауы вирусының айналымы анықталды, тұмаудың зертханалық расталған 98 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлес салмағы — 63,2%.

Облыста тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылыққа, тұмау вирусының айналымына мониторинг жүргізу және вирустың жаңа штамдарын анықтау түрінде эпидемиологиялық қадағалаудың жеткілікті тиімді жүйесі қамтамасыз етілгенін атап өту қажет.

Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Облыс бойынша барлығы 68303 адам тұмауға қарсы егілді. Тұмауға қарсы вакцинация өңірде 15 қыркүйекте басталған болатын.

ЖРВИ және тұмаудың эпидемиялық маусымының басталуымен арнайы емес профилактика да жүргізу қажет. Арнайы емес алдын алу — ол дененің өзіндік қорғанысын нығайтуға бағытталған.

Алдын алу әдістерінің бірі — ауру адамдармен байланысты шектеу, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, маусымға сай киіну.

Адамдар көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ науқастарға күтім жасау кезінде науқастарға да, сау адамдарға да медициналық маска кию ұсынылады.

Науқас үйде болған кезде оны оқшаулауды қамтамасыз ету керек, бөлмені үнемі желдетіп, барлық заттардың үстін сүртіп, дымқыл тазалау керек, науқасқа жеке ыдыс-аяқ бөліп, оны үнемі өңдеу қажет.

Тұмаудың алдын алудың маңызды әдістерінің бірі – қолды сабынмен жиі жуу немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану, әсіресе ауырып жүрген кезде немесе науқасқа күтім жасау кезінде.

Сонымен қатар, иммунитетті көтеретін қол жетімді әдістерді қолдануды ұмытпаңыз (пияз және сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптерден, қарақаттан, итмұрыннан жасалған қайнатпаны көп ішу, С дәрумені көп тағамдарды тұтыну, мысалы, тұздалған капуста, цитрус жемістер, сонымен қатар ақуызға бай тағамдарды тұтыну).

Тұмау асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың алғашқы белгілері анықталған кезде өз бетімен емделумен айналысуға болмайды, дереу дәрігерге қаралу қажет.

                             Кенжегалиева Лаура Нұрланқызы

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің инфекциялық және паразитарлық жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *