ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округіне «Beeline» байланыс жүйесінің қондырғысы орнатылды. Ақсуат ауылының тұрғындарына Beeline елінің жетекші мобильді операторы қызмет көрсететіндіктен, ол желіні кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізеді және 250 адамнан тұратын Қазақстанның шағын ауылдарын қатынауға қосады. Ақсуат ауылы Орал қаласынан 25 км жерде орналасқан.
628 орындық 2 мектеп және жүзге жуық бала оқитын 2 бастауыш мектеп бар. Халқы 3000-ға жуық ауылда бірнеше жыл бойы Beeline мобильді желісіне қол жеткізе алмады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаны ауыл халқы асыға күткен болатын. Сайланған округ әкімі Жаннұр Ахметов өзінің сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде жинаған барлық аманаттарын қамтыды. Оның айтуынша, ауыл тұрғындары мобильді желіні іске қосуды бес жылдан астам уақыт күткен. Биылғы жылы бұл мәселе бизнес өкілдерінің қаражатын тарту арқылы шешілді.
— Өздеріңіз білетіндей, биыл елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Шілде айында сайлау нәтижесі бойынша Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып сайландым. Халықпен кездесу барысында адамдар бұл мәселені бірнеше рет көтерді. Осы жылдың жазында мұнараны орнату бойынша жұмыс және оған байланысты қажетті құжаттаманы ресімдеу бойынша мәселелер басталды. Әрине, бұл жұмыс халықтың тікелей қолдауымен және жеке кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда Ақсуат ауылдық округінде ауыз су тарту, ауасыз электрмен жабдықтау, газдандыру және жол құрылысы мәселелері шешілді. Мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі күнге дейін ұялы байланыстың болмауы негізгі проблемалардың бірі болды. Міне, бүгін біз нәтижені көріп отырмыз. Айта кету керек, сайлауалды бағдарлама тікелей халықтың нақты сұраныстарынан тұрады және Біз бүгін өз еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бұл мәселенің шешімін тапқандығы қуантады, — деді ауыл әкімі Жаннұр Ахметов.
Жергілікті әкімдіктің жанында 24 метрлік мұнара орнатылып, сигналды күшейту жұмыстары жүргізілді. Бұл ауыл тұрғындарына жақсы қамту аймағы мен жылдамдығы бар Beeline желісінің сапалы мобильді интернетін пайдалануға мүмкіндік береді.
Гүлмира Бақбасова, Ақсуат ауылының тұрғыны: Біздің мектепте мұғалімдер өте қиналдық. Өйткені бәрі желіге байланысты, бәрі интернетке байланысты және студенттеріміз қиналды өздерінің сессияларын тапсыра алмай. Ауылдың тұрғындары да, бәрі де керекті нәрсе ғой енді. Сондықтан осы жанайқай естіліп, бүгін керемет күн бізде. Осы мұнара орнатылып, бәріміз қуанып жатырмыз. Қаладан 25 шақырым жердегі Ақсуат ауылының халқын толғандырған мәселелер осылайша рет-ретімен шешімін тауып жатыр. Жол салынып, ауыз су мен электр жарығынан тарықпасақ та, тек ұялы байланыстан ұятты едік. Бұл мереке алдындағы керемет тарту болды, дейді қуанған тұрғындар.
Ауылға байланыс жүйесі тартыла бастағаннан бері ауыл азаматтары бірікті. Солардың бірі Әлібек Айтқалиев:
— Дамыған заманда байланыссыз отыру деген өте қиын. Карантиндік шектеулерге байланысты барлығы онлайн режимге ауысты. Сабақ, жұмыс секілді дүниелер ұялы телефонға байлады. Сол кезеңдерде қиындық туындады. Сапалы байланыс жүйесін қосу керек деп ауыл тұрғындарынан қол жинадым. Төрт жүзден астам адаммен кездесіп, қолдау таптым. Енді ауылға жаңа леп, жаңа жүйе келді. Қуаныштымын, — дейді Әлібек Кенжебекұлы.
Осы қуанышқа орай ауыл тұрғындары жаппай жиналған салтанатты жиында ауыл әкімі Жаннұр Бекбауұлы ауылдың дамуында белсенділік танытқан бірқатар ауыл азаматтарын марапаттады. Олардың қатарында «Кәрім» дүкенінің иесі Р.Әлібекұлы, ауыл азаматтары Р.Ақмырзаев пен Ә. Айтқалиевтер бар.