Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойын атап өту аясында, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы аумақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында «Бастауыш — партия негізі» атты айлығының қорытындылау бойынша салтанатты іс-шара өтті.
Өңір басшысы, облыстық филиалдың төрағасы Ғали Есқалиев қатысып, Елбасы партия Төрағасы Н.Назарбаевтың жақында жариялаған “Елдіктің жеті тұғыры” атты қағидаттар жиынтығының, “Тәуелсіздік тағылымы” мақаласын баяндап, 30 жыл Тәуелсіздігіміздің жетістерін жариялап, еліміздің егемендігі баянды, мәңгі болуына бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Атаулы мерекемен құттықтай отырып, партияның, оның ішінде бастауыш партия ұйымдарының маңызды рөлін атап өтті. Осы жетістіктерге жетуге үлес қосқан партия ардагерлеріне, белсенділеріне марапаттарын табыстады.
Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы бойынша «Халық алғысы» және партияның ең жоғарғы наградасы «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан Құрмет грамотасы тапсырылды.
Елімізде алғаш өткен ауыл әкімдерінің сайлауынан жеңіп шыққан партияласымыз, Теректі ауданы, Ақсуат ауылының әкімі Ахметов Жаннұр Бекбауұлы өз ықыласын білдіріп,
айлық аясында өткен шараларды атап өтіп, алдағы уақытта да осы бағытымыздан таймай, адал қызмет атқарамыз деп уәде етті.
Атаулы шараның бас жүлдесі — «Үздік бастауыш ұйымының» иегері Ақжайық ауданы ‘Тайпақ» бастауыш партиясы ұйымының төрайымы Алтынай Абайқызы өз кезегінде алғысын білдірді.
Тәуелсіз еліміздің мерейлі мерекесінде қуанышты көңіл-күймен қарсы алған барша партияластарымызды құттықтай отырып, облыстық филиал қызметкерлеріне партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан Алғыс хат табысталды. Біз биылғы мерекелі жылды жақсы жаңалықтармен, жоғары жетістіктермен, жеңісті әрі жемісті жобалармен қорытындылап жатырмыз. Барша партияластарымызды келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымыздың мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрдайым биік болсын!