2021 жылғы 7 қазанда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумағында Департамент бастығы Е.С.Өтегенов төрағалығымен газбен жабдықтау жүйелері, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтары объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты — Орал қаласы мен облыс аудандары әкімдіктерінің жанынан жаңадан құрылған газ техникалық инспекциялары инспекторларының біліктілік деңгейін арттыру болып табылады. Семинар-кеңеске ҚР ТЖМ БҚО бойынша МКПБ басшылығы, ҚР БП ҚСжАЕКБ БҚО бойынша аға прокруроры, «КазТранГазАймак» АҚ БҚПФ директоры, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығы, Орал қаласы және облыс аудандары әкімдігінің газ техникалық инспекцияларының инспекторлары, газ шаруашылығы саласындағы қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері қатысты. Семинар барысында газ техникалық инспекцияларының бақылау функцияларын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу бөлігіндегі проблемалық мәселелер қозғалды.
Тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген критерийлері мен тексеру парақтарының талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, улы және табиғи газды анықтау датчиктерінің заманауи үлгілері, олардың ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптері көрнекі түрде көрсетілді. Барлық туындаған сұрақтар бойынша толық жауаптар берілді.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы