Описторхоз-бұл адамның ұйқыбезін, өт жолдарын және бауырын зақымдайтын құрт ауруы. Паразит адам ағзасында ондаған жылдар бойы өмір сүреді. Ұзак уақыт адам ағзасында паразиттік өмір сүретін описторхозтар бауыр обырын тудыруы мүмкін.
Ауру қоздырғышы- үлкендігі 1см болатын описторх құрты оның жұмыртқасы өте ұсақ болады. Құрттың жұмыртқасы мен балаңқұрты (личинкасы) қоршаған ортаға төзімді келеді: топырақ үстінде құртжұмыртқалары 10 күнге дейін, ал су айдындарында 2 жылға дейін сақталады, балаңқұрттар — 12 градуста 1 айға дейін, балықтағы тұздың мөлшері 10% болғанда 37 күнге дейін, қақталған балықта 20 күнге дейін сақталады. Балықты ыстықтай қақтау балаңқұрттарды жойып жібереді, ал суықтай қақтау олардың өмірсүруіне әсер етпейді.
Описторхтың балаң құрттары тұқы (карп) тұқымдастарына жататын балықтарда болады. Описторхозбен балықшылар, су көлігінің жұмысшылары және өзен жағалауы тұрғындары жиі ауырады, ауру жаз-күз мезгілдерінде жұғады.
Описторхоз ауруы қалай жұғады?
Адам ағзасына паразиттің балаңқұрттары шикі немесе жеткіліксіз қақталған, сүрленген, пісірілген, қуырылған тұқы (карп) тұқымдастарына жататын балықтарды жегенде түседі.
Адам ағзасында 1айдан кейін описторхистың балаңқұрттары ересекқұртқа айналып,қоршаған ортаға жұмыртқа бөле бастайды. Адамның нәжісі арқылы паразиттің жұмыртқалары қоршаған ортаға таралады, топырақтан жауын суы мен су айдындарына түседі.
Құрттың жұмыртқалары алдымен судағы моллюскаларда өсіп, дамиды да кішкене балаңқұрттар пайда болады, олар тұқы (карп) тұқымдастарына жататын балықтардың ағзасына түсіп, ересек балаң құрттарға айналады.
Ауру белгілері қандай?
Аурудың жасырын кезеңі описторхистың балаң құрттары адам ағзасына түскеннен кейін 2-4 аптаға созылады. Науқастың оң жақ қабырғасының асты, бұлшықеттерімен буындары ауырады, жүрегі айнып, басы ауырады, ыстығы 37- 38° градусқа дейін көтеріледі, теріде бөрткендер, есекжем, ісік пайда болады, яғни ешқандай себепсіз пайда болып немесе жоқ болып кететін аллергия дамиды, суыққа да аллергия пайда болады.
Асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы, қаназдылық, аурудың соңғы кезеңінде созылмалы холецистит, панкреатит, гастродуоденит белгілері байқалады, ауырасқынуларға – ішектің түйілуі жатады. Описторхозда ешқандай ауру белгілерінің байқалмай бірден бауыр обырының пайда болуы мүмкін. Клиникалық-диагностикалық зертханаларда науқастың нәжісін микроскоппен қарау арқылы описторхистың жұмыртқаларын анықтауға болады.
Описторхоз ауруыныңалдыналужолдары
1.Шикі және жеткілікті тұздалмаған, пісірілмеген тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтарды жеуге болмайды.
2.Описторхистың балаң ұрттарынан балықты зарарасыздандыру келесі тәсілдер арқылы жүргізіледі:
— мұздату тәсілі:- 18°С температурада 14 тәулік бойы,
— балық котлеттерін және кішкенетілімдерге бөлінген балықтарды 20минут бойы қуыру қажет. Ұсақ балықтарды тұтас күйінде 20минут бойы қуыру керек, балық қосылған пирогты 45-60 минут пісіру қажет,
— балықты кішкенетілімдерге бөліп, қайнаған соң 20 минут, ал балық тұшпараларын қайнаған соң 10 минут пісіру керек.
3. Шикі балықты дайындаған кезде бөлек пышақ, тәрелке, тақтайша пайдалану қажет.
4. Сатуға рұхсат етілмеген жерлерден балық алмаған дұрыс.
5. Өзен жағалауларын нәжіспен ластамау қажет.