Қасиетті жұмада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен БҚО Орал қаласына қарасты Круглоозерное кенті Серебряков ауылы «Айту ата» мешітінің имамы болып Жақия Каженов имам тағайындалды.
Облыстық “Орал” орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатына жаңа имамды таныстырды.
Жақия Мерекеұлы– 1973 жылы Ақжайық ауданы, Өлеңті ауылында дүниеге келген. Ақтөбе медресе колледжінің 2019 жылғы түлегі.Бұған дейін Орал қаласына қарасты Серебряков кентінің молдасы болып қызмет атқарды.
Имам қызметін атқарған Нұрпейіс Салдыровтың имандылық қызметіне ризашылығына білдіріп, иығына шапан жатты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі