2021 жылғы 3 маусым күні 19 сағат 00 минутта Орал қаласы «Металист» зауытының ауданы, Орал өзені бойында «Өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік» тақырыбында рейдтік шаралар жүргізу барысында куәгер В.С. Сипливый және БҚО ТЖД қызметкерлері суға түсуге жабдықталмаған орында мас күйінде суға түсіп жатқан 1981 ж.т. әйел адамды құтқарып қалды, -деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Әйел адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілген, алайда медициналық көмек қажет болмапты.
Осыған байланысты бүгін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында суға батып кетуден адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін В.С. Сипливый марапатталды.
Су қоймаларына барған кезде судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, құтқару және алғашқы көмек көрсету әдістерін білу керек, бұл өзіңізді және басқаларды қорғауға мүмкіндік береді.