Жаңақаладағы қуаныш

Жақында Жаңақала аудандық мешіт ғимаратының жанынан көпшілікке арналған асхана ғимараты ашылды.

  Асхананың ашылу салтанатына ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас  имамы Бақытжан Құралбайұлы мен аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы, аталмыш мешіттің бас имамы Жомарт Лұқпанов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Алдымен облыс  имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, елжанды азаматтардың еңбегін айтып, асхана игілікті шараларға толы толсын, деп дұға жасады.

Мешіт жанынан сән-салтанаты жарасқан үлкен асхананың ашылуы аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Нысанның лентасын облыс имамы Бақытжан Сабралиев пен аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы салтанатты түрде  қиды. Асхана ешбір салтанат сарайынан кем түспейді. Барлық қажетті жабдықтармен қамтамсыз етілген. Бұл аудандың  жомарт жандарының тұрғындарға арнаған сыйы. Асхананың салыну жолында демеушілік жасаған бірнеше азаматтар алғыс хатпен марапатталды. Бұл ғимаратта аудан тұрғындары түрлі діни, дәстүрлі шараларға, атаулы күндерге орай ас беруіне болады. Бұл, әсіресе, Жаңақала ауданының тұрғындары бұрыннан бері салынуына ниет қойып келе жатқан ғимарат болатын.

                        ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *