Зейнеп пен Анастасия – спорт шеберлері


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің спортшы қыздары тағы бір белесті бағындырды.
Ағымдағы жылдың 16-17 наурызы аралығында Павлодар қаласында өткен V Жастар ойындарында жоғары оқу орнының Экономика және аудит жоғары мектебінің 1-курс студенттері Зейнеп Баянова мен Анастасия Панасович әйелдер күресінен жеңімпаз атанып, ҚР спорт шебері нормативін орындады. З.Баянова 53 келі салмақта, ал А.Панасович 68 келі салмақта өз бақтарын сынап, жеңіске жетті.
Еске сала кетсек, қос бойжеткен жуырда ғана Өскемен қаласында өткен әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы ҚР чемпионатында да топ жарған болатын. Ел чемпионатында З.Баянова қола жүлдеге қол жеткізсе, А.Панасович күміс медальды жеңіп алған еді.

Университеттің медиа орталығы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *