«Филармония Live» жобасынан қалыс қалмаңыз!


26 ақпанда Батыс Қазақстан  облысы  мәдениет басқармасы Ғ.Құрманғалиев атындағы  облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Филармония Live»  жобасы бастау алатын болады. 


Жобаның  мақсаты — пандемия кезінде халықтың көңіл күйін көтеру,  филармония әртістерінің  өнерін халыққа  насихаттау.

Осы жоба аясында ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің 30 жылдығы, «Назерке» халық биі ансамблі 25 жылдығы,Халық композиторы, батыс ән мектебінің негізін қалаушы Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығы,күйші-композитор, қазақ музыка  мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова мен күйші, халық композиторы Сейтек Оразалыұлының  туғанына 160 жыл, ҚазКСР халық әртістері Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115-жылдығы,композитор, дирижер,  Еңбек сіңірген өнер қайраткері Қапан Мусиннің 100 жылдығы, КСРО  халық әртісі Ермек Серкебаевтың 95 жылдығы, КСРО халық әртісі Рысбай Ғабдиевтің 85 жылдығы, композитор домбырашы, ҚР халық артисі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, жерлесіміз Базарбай    Жұманиязовтың    туғанына 85 жыл, Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедьяровтың 75-жылдығы,КСРО халық әртісі Әлібек Дінішевтің 70 жылдығы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, күйші-композитор Тұяқберді Шәмеловтің     70-жылдық мерейтойлары қамтылады.

Жоба жүргізушісі Данияр Исқали филармония әртістерімен  әр түрлі бағыттағы ситуациялық сұрақтар, қызықты ойындар форматындағы сұхбат құрып, әншілердің репертуарларындағы ел  сүйіп тыңдайтын әндерді тікелей эфир форматында өтетін жобада орындайтын болады.  Сондай-ақ жоба аясында  бір ай көлемінде филармонияның  @bko_filarmoniya инстраграм парақшасында  қосымша конкурс  ұйымдастырылуда. Жоба демеушілері «TORUS.KZ»ЖШС,  «Meko market» дизайн студиясы, «Заман»  сұлулық студиясы ұсынған ұялы телефон және бағалы сыйлықтары «Филармония Live»  жобасының тікелей эфирінде ойнатылатын болады.

Филармония директоры Асхат Тарасұлы Қажғалиевтің айтуынша: 

-Дәл осындай жобалар карантин кезінде концертсіз қалған көрермендер мен өнер адамдары, әртістердің байланысын нығайтып, рухани дамуына мәдениетті насихаттауда таптырмас платформаға айналары сөзсіз, -дейді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *