Өткен жылы БҚО-да 21 ауыл газбен қамтылды


Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқплиев халықпен есептік кездесу кезінде өңірдегі газ және сумен қамту мәселелері бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.


Газдандыру қамту

Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту ең алдымен көгілдір отын мен ауыз сумен қамтуға тікелей байланысты. 

Осы бағытта жұмыстар кезең кезеңмен атқарылып келеді.  Өткен жылы 1 миллиардқа жуық қаражатқа 21 ауыл газбен қамтылды.

2021 жылы Казталов ауданының 4 ауылынагаз тарту жұмыстары жоспарда тұр. Нәтижесінде облыс тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 98,7%-ға  дейін өседі.

Сумен қамту

Сапалы ауыз сумен қамту да біздің басты назарда. Өткен жылы 25 мыңнан астамтұрғыны бар 31 ауылға таза ауыз су тартылды.«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде биыл 4,2 млрд. теңге қаражатқа 16 ауылға су өткізуді жоспарлануда. Нәтижесінде таза ауыз сумен қамту көрсеткішіміз 88%-дан 89,8% дейінөседі.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *