Ғ:Есқалиев: Өңірде 140 мың гектар бос жатқан жер қайтарылды

Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев халықпен есептік кездесуінде айтты.


Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп көрсетті.

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 550 мың гектар құрады.

Дәнді дақылдардың 227 мың гектары орылып, 292 мың тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 20,7%-ға артық

Орташа өнімділік 2019 жылмен салыстырғанда гектарға 10,3 центнерден 12,9 центнерге дейін өсіп отыр.

Мал саны мен егістік алқаптарын көбейту мақсатында, соңғы екі жылда 922 мың гектарпайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлер анықталып, мемлекетке 140 мың гектары қайтарылды. Ал 542 мың гектар жерді шаруалар қайта игере бастады. 

Жерді дұрыс пайдаланбай отырғандардың аты-жөндерін жариялау жалғастыруда. Жерді игеру процесін толықтай бақылау мақсатында арнайы геопортал жасалды. Геопорталда әрбір жер учаскесі бойынша ақпаратты ашық түрде көруге болады. 

Саладағы еңбек өнімділігі 3 тоқсанда 25%-ға өсіп, 1,8 млн. теңгеге дейін жетті. Ал инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 24 млрд. теңгеніқұрап отыр.

Өңірдің негізгі басым бағыты – етті мал шаруашылығы. Облыста мал басы бойынша тұрақты өсім бар, ірі қара мал басы – 10%-ға, жылқы – 15,7%-ға, қой мен ешкі – 5,1%-ға өсіп отыр. Өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында біз алдағы 5 жылға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудыңтұжырымдамасын дайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында барлық аудандарда ауыл шаруашылығы кооперативтерін біріктіруді басталады.

Оңтүстік аудандар жайылымдарын суландыру мақсатында Киров-Шежін арнасықайта құру жұмыстарының соңғы кезеңін аяқтау үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.Жоба аясында Жайық өзенінен арнайы қондырғы арқылы су алып, Жайық-Көшім жүйесіне жібереледі. 

Сонымен бірге, облыстың үш суландыру жүйелерін қайта құру жұмыстарын бастайтын боламыз.

Бұл 300 мың гектарға дейін жайылымдық жерлерді айналымға қосу және Жайық өзенінің сол жағалауында мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *