Қала әкімі жергілікті қауыМдастық алдында есеп берді

Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков жергілікті қауымдастық алдында есеп берді.
Жиынға Орал қаласы әкімінің орынбасарлары, кент әкімдері мен құрылымдық бөлім басшылары, қалалық мәслихат депутаттары мен жергілікті қауымдастық мүшелері қатысты.


– Өткен жылы біраз сынақтарды бастан өткердік, ел бірлігі мен ынтамағының арқасында оларға тойтарыс бере білдік. Жаһанмен бірге біздің қаламыздың да тыныс-тіршілігі өзгерді, өзіміз үшін маңызды қорытындылар жасадық. 2020 жылы 7 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1251 оралдық жаңа пәтерге ие болды. Ұзындығы 65,5 км құрайтын 55 көше жөнделді, — деді есебінде шаһар басшысы.
Сонымен қатар өткен жылы 11 мың көше шамдары жарықдиодты шамдарға ауыстырылып, 550 жаңа жарықдиодты шамдар орнатылған. Барлығы 62-ге жуық әлеуметтік нысандар мен 38 мектептің жаяу жүргіншілер өткелдері жарықтандырылған.
Орал қаласында бүгінгі күні жаңа шағын аудандарды қоспағанда, облыс орталығында 498 аула бар. Былтыр 11 аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жүргізілген. Сондай-ақ қаланы көгалдандыру бойынша 3 жылға арналған 5 жобаны жүзеге асыруды басталған. 2020 жылы жұмысқа орналасу мәселесімен 12 мыңнан астам адам жолығып, 6 мыңға жуық адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған. Қала бойынша барлығы 6 636 жаңа жұмыс орны құрылып, оның 3 165-і тұрақты жұмыс орындарына айналды. Бұдан бөлек, жұмыспен қамтудың жол картасымен 75 жоба шеңберінде 3 298 жұмыс орны құрылып, 421 адам жастар практикасына жолданған.
2020 жылы білім мен мәдениет саласындағы өзгерістерге тоқталған Абат Абайұлы:
– Қазіргі таңда Орал қаласында 51 мектепте 53 мыңға жуық оқушы білім алуда. Пандемия жаңдайына байланысты мектеп оқушыларына қашықтан оқуға жағдай жасау үшін барлығы 1745 компьютер мен ноутбуктер және 600 планшет алынды. Қалада 2 мектеп жаңадан салынып, эстетикалық бағыттағы мектеп гимназиясы және №38 мектеп-лицейіміз Зашаған кентіндегі 900 орындық мектеп ғимаратына көшті. Бұл бір жағынан мемлекеттік шығындарды азайтса, екінші жағынан Зашағандағы 2 мектепте 3 ауысымдық оқуды жоюға мүмкіндік берді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында №21, №25 және №45 орта мектептерімізде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Шетсіз қала» қағидаты шеңберінде былтыр Ет комбинаты аумағында «Арай» комьюнити орталығы және кітапхана филиалы ашылды. Зашаған кентіндегі «Бәйтерек» аула клубы жаңа ғимаратқа көшіріліп, комьюнити-орталық ретінде қайта құрылды.Сонымен қатар №6 кітапхана-филиалы күрделі жөндеуден және «Жастар мәдениет үйі» ағымдағы жөндеуден өткізілді, – деді.
Орал қаласында 2020 жылы атқарылған оң істер қатары көп. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абай алаңын жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар алаңға ақынның қара сөздері жазылған тақтатастар қойылып, бұрынғы Евразия даңғылына данышпан ақынның аты берілген болатын. Жеңіс алаңындағы аспан астындағы музейге соғыс кезіндегі әскери техникалар, атақты «Катюша», «Полуторка» машинасы қойылып, «Орал қаласы сұрапыл соғыс жылдарында» кітабы жарық көрді, «Ардагер» клубы қайта жаңғыртылды. 2020 жылы қаламызда 6 спорт алаңы ашылып, 10 спорттық алаң күрделі жөндеуден өтіп, 4 спорт кешені мен 3 спорт залдары пайдалануға берілген.
Сондай-ақ жергілікті қауымдастық алдындағы кеңесте Абат Абайұлы 2021 жылы алға қойған мақсаттарды айқындап, даму жоспарымен бөлісті.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *