Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты,- деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кетейік, 1 ақпанында Мемлекет басшысы «Жол жүрісі мәселелері бойынша» заңға қол қойды. Бұл заң бойынша жүргізушілердің жүргізуші куәлігі мен автокөлік техпаспортын өзімен бірге алып жүрмеуіне болады.
Аталған құжаттар болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке ешкім тартылмайды. Сонымен қатар заң бойынша шыққанына 10 жылдан астам уақыт өткен автобустарды Қазақстанда тіркеуге тыйым салынады. Бұл норма келер жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілдеді. Бұл жүргізушінің орнынан басқа 8 орындықтан астам орны бар барлық автобусқа қатысты болады, — деді Серік Түсіпов.
Түсіпов айтқандай, заң жобасы 2 ақпанда жарияланды. Ол күшіне 10 күннен кейін енеді, демек 13 ақпанда заң жобасы өз күшіне енеді.
Сондай-ақ, қазір Ішкі істер министрлігі қозғалыс ережелеріне өзгерістер енгізіп жатыр. Жүргізуші куәліктері мен техникалық паспорт құжаттарын беру әрі қарай жалғасын табады. Себебі бұл құжаттар халықаралық қозғалу үшін және жұмысқа тұру, көлікті сатуға қажет, — деді ол.
Оның айтуынша, бұл бойынша халықаралық елдердің тәжірибесі де енгізілді.
Біз аталған тәжірибені енгізу бойынша алдыңғы қатарлы бес елдің құрамындамыз. Пандемия кезінде құжаттың есептілігін планшет арқылы тексеру тәжірибесін қолдандық. Аталған түзетулер көлік шетелде тіркелсе немесе жүргізушінің куәлігі шетелде алынғандарға жүрмейді. Оларда бұл құжаттар болуы керек, — деді ол.