Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.
Соңғы 3 жылда 110 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік-қылмыстық талаптарға қатысты жүргізуші құқығынан айырылды. Бұл мәліметтерді планшет арқылы да тексеруге болады. Көлікті тексеру мемлекеттік нөмірді енгізу бойынша анықталады, — деді Түсіпов.
Түсіпов полиция қызметкерлері жүргізушіден куәлікті талап етіп, оның жоғына қатысты айыппұл сұраса, не істеу керек екенін айтты.
Иә, мұндай жағдайда 102 нөміріне немесе өзіндік қауіпсіздік бөліміне хабарласа аласыздар. Бірақ әрбір полицияға жаңа заңның тәртіптері түсіндірілді. Бұл бойынша мәселе туындамайды, — деді ол.
Оның айтуынша, жеке куәлікті растайтын 12 құжат бар.
2019 жылдан бастап құжатты ұмытып кетуіне қатысты алдын ала шаралар жүзеге асырылады. 2019 жылы 162,6 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда оның 148 мыңына ескерту жасалып, айыппұл салынбады. Біз азаматтарға қолайлы жағдай туғызу үшін жұмыс істеп жатырмыз, — деді ол.
Айта кетейік, 2 ақпанда жарияланған «Жол жүрісі мәселелері бойынша» заңы күшіне 13 ақпанда енеді. Бұл заң бойынша жүргізушілердің жүргізуші куәлігі мен автокөлік техпаспортын өзімен бірге алып жүрмеуіне болады.
BAQ.KZ