Алты күнде 1188 жол жүру ережесі бұзылды


Орал қаласы аумағында 2021 жылғы 2-7 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс- шарасы өткізілді, — деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Кеше 7 ақпанда аталмыш іс- шараның нәтижелері шығарылып, түйінделді. Жол жүру ережелерін бұзған 1188 факті анықталды. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабымен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісімен 116 хаттама, көлік құралдарын басқару кезінде 41 жүргізушінің ұялы телефонмен сөйлескені анықталып, 41 хаттама толтырылды. Сонымен қатар қала ішіндегі жолдарда жылдамдықты шамадан тыс үдеткен 288 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпаған 68 жүргізуші, көлік құралын масаң күйде басқарған 22 жүргізуші айыппұлдарын төлейді. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабына сай жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзған 205 жаяу жүргіншіге тәртіп сақшылары хаттама толтырды 46 көлік арнайы автотұраққа қойылды.


Жол жүру ережелерін сақтайық!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *