Үш күнде 604 жол жүру ережесі бұзылды

Орал қаласы аумағында 2021 жылғы 2-7 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс- шарасы өткізілуде.

Аталмыш іс- шараның алғашқы үш күнінің қызмет нәтижелері шығарылды. Жол жүру ережелерін бұзған 174 факті анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 590 бабымен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісімен 63 хаттама, көлік құралдарын басқару кезінде 22 жүргізушінің ұялы телефонмен сөйлескені анықталып, 22 хаттама толтырылды. Сонымен қатар, қала ішіндегі жолдарда жылдамдықты шамадан тыс үдеткен 129 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпаған 38 жүргізуші, көлік құралын масаң күйде басқарған 10 жүргізуші айыппұлдарын төлейді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 615 бабына сай- жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзған 107 жаяу жүргіншіге тәртіп сақшылары хаттама толтырды 20 көлік арнайы автотұраққа қойылды.
«Қауіпсіз жол» ЖАШ 7 ақпанға дейін жалғасын табады.
Жол жүру ережелерін сақтайық!


Орал қалалық Полиция басқарамасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *