Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Жастар мәдениет үйі» МКҚК ұйымдастыруымен Жастар мәдениет үйінің кәсіби ұжымдар арасында «ЕКІ ӘЛЕМ» атты музыкалық шоу байқауы өз мәресіне жетті.
Төрт айға созылған байқауда алдын-ала анықталған 10 жұп 4 кезең бойынша өнер көрсетті.
Музыкалық байқаудың мақсаты– жұлдызды жұптардың тек сахнаға шығып ән айту ғана қоймай, өзге қарсыластарынан артықтығын дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер әлемдік хиттер мен түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсетіп, алуан түрлі образдарға ену. Бастысы – тек жанды дауыста ән шырқау.
Әсем әуендері мен әсерлі қойылымдарын назарға ұсынған жоба қатысушыларыхалық,той,ретро әндерін орындаумен қатар,танымал фильмдердің саундтрэктерін орындаудан да сынға түсті.
Ән байқауында Жастар мәдениет үйінің конферансьесі Сабыржан Рысқалиев пен Жастар мәдениет үйінің әншісі, Бибигүл Берекетова, ЖМҮ әдіскері Мергүл Джакупова мен жұлдызды жұбы Аслан Зинеденов, ЖМҮ лэд операторы Мейрамбек Хайруллин мен әнші Асель Кажимова, Мастер Дэнс Дамир Теміргалиев пен әнші Аэлита Ерсайнова, «Алаш» этно – фольклорлық ансамблінің қобызшысы Раушан Кимран мен әнші Азат Қабиев, Деркөл мәдени – демалыс орталығының үйірме жетекшісі Абай Серіков және оның жұлдызды жұбы әнші Ақмарал Ахметова, Деркөл мәдени – демалыс орталығының би үйірме жетекшісі Шырайлым Гусманова мен әнші Рустам Хафизов, Деркөл мәдени – демалыс орталығының үйірме жетекшісі Асылбек Қаресов және әнші Рүстем Кереев, «Оралым» фольклорлық ансамблінің артисті Руслан Мақымов пен талантты әнші Назира Хибашева, «Салтанат» би ансамблінің бишісі Айгерім Ибатуллиева және ерекше дауыс иесі әнші Тарас Жауынбаев жұптасып өнер көрсетті.
Қатысушылар белгіленген кезең бойынша жұптасып өнер көрсетті. Әр апта сайын, төмен ұпай жинаған бір жұп келесі кезеңге қатыспайтын өткізілмеді. Қатысушылардың өнері 5 – 10 балдық жүйемен бағаланды. Қазылар алқасы әр жұптың сахналық мәдениетін, ән таңдаулары мен үйлесімді киім үлгісін, сонымен қатар сахна образдарын аша білуін бағалады.
Ал байқау қатысушыларына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі Жаңылсын Хасанова, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі, композитор Жаскелең Ғайсағалиев,Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші Еркін Өтегенов, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының шығармашылық жөніндегі орынбасары А.Рахметов, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайырханов, Жастар мәдениет үйінің «Салтанат» би ансамблінің жетекшісі Мейрамгүл Танатова, «Ақжайық» телеарнасының режиссері Жігер Құмаров және Жастар мәдениет үйінің директоры Медет Мерғалиев қазылық етіп, әділ бағаларын берді.
Соңғы кезеңде қазылар мен көрерменнің көңілінен шығу үшін аянып қалмаған үздік жұптар тағы бір рет жаңа қырларынан таныла білді.
Байқаудың қорытынды кезеңінде «Сәби бақыты» әнін орындап, қазылар алқасының жанарын жасқа толтырған Рүстем Кереев пен Асылбек Қаресов «Екі әлем» музыкалық шоу байқауының бас жүлдесіне лайық деп танылды.
Ал «Формат» тобының репертуарынан попурри орындаған Хайруллин Мейрамбек пен Әсел Кажимова бірінші орынды жеңіп алды. Халық әні «Ақ сисаны» нақышына келітіре орындаған Аслан Зинеденов пен Мергул Джакупова екінші, замана тұлғаларына арналған «Өлмейтіндер» әнін орындаған Рүстем Хафизов пен Шырайлым Гусманова жүлделі үшінші орыннан көрінді.
Байқау барысында ерекше көзге түсіп, әлеуметтік желілерде көрермендердің көз айымына айналған Абай Серіков пен Ақмарал Ахметова «Көрермен көзаймы», Сабыржан Рысқалиев пен Бибігүл Берекетова «Жарасымды жұп», Тарас Жауынбаев пен Айгерім Ибатуллиева «Талантты жұп», Дамир Теміргалиев пен Аэлита Ерсайынова «Самая вышка жұбы, Руслан Мақымов пен Назира Хибашева «Инстаграм жұбы», Азат Қабиев пен Раушан Кимран «Ең әдемі жұп» аталымдарына лайық деп танылды.
Кеш соңында жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ