Бір тәулікте 240 жол жүру ережесі бұзылды


Орал қаласы аумағында 2021 жылдың 2- 7 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс- шарасы өткізілуде.

2 ақпан күні аталмыш іс- шараның алғашқы күнінің қызмет нәтижелері шығарылды. Жол жүру ережелерін бұзған 240 факті анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 590 бабымен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісімен 19 хаттама, көлік құралдарын басқару кезінде 12 жүргізушінің ұялы телефонмен сөйлескені анықталып, 12 хаттама толтырылды. Сонымен қатар, қала ішіндегі жолдарда жылдамдықты шамадан тыс үдеткен 54 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпаған 20 жүргізуші, көлік құралын масаң күйде басқарған 3 жүргізуші айыппұлдарын төлейді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 615 -бабына сай жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзған 47 жаяу жүргіншіге тәртіп сақшылары хаттама толтырды. 6 көлік арнайы автотұраққа қойылды.
«Қауіпсіз жол» ЖАШ 7 ақпанға дейін жалғасын табады. Темір тұлпар тізгініндегі жүргізушілер мен жаяу адамдардың жол ережелерін есте ұстап, тәртіп бұзбауларын сұраймыз.


Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *