«Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 21 қаңтар 2021 жылғы № 2- БМСДҚ қаулысына толықтырулар енгізілді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, «құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, «санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі — БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі — КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Батыс Қазақстан облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 2-БМСДҚ қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін, — делінген қаулыда.
Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу үшін қоғамдық көліктер жұмысы келесі жексенбі күндері: ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 7 ақпаны күні тоқтатылсын.