Оралдықтар жаңа жылда жаңа баспанаға ие болды


Бүгін Орал қаласында  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 9 қабатты 180 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл пәтерлерге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының жинақтау жүйесіне қатысқан отбасылар ие болды. 

Тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсіміне Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысып, тұрғындарға пәтер кілтін табыстады. Шаһар басшысы жаңа баспана иелерінің шаңырақтарына шаттық пен амандық тіледі.

Жалпы көлемі 10609,50 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Альтаир –СК7»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Айта кетейік, өткен жылы Оралда  7 көпқабатты тұрғын үй тапсырылып, 1251 тұрғын қоныс тойын тойлады. Оның екеуі кезекте тұрған азаматтарға, қалғаны «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына берілген болатын.

ГҮЛЗИНАТ ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *