«Nur Otan» партиясы атынан Орал қалалық мәслихаты депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесіп, сайлауға белсене қатысуға шақыруда.
Облыс орталығының әр шағын ауданында ұйымдастырылып жатқан кездесулерде, түрлі акцияларда және әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерде үміткерлер азаматтарды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыруда.
Бүгін Зашаған кентіндегі «Алтындар» сауда үйінде карантиндік талаптарға сай өткен кездесуде партия атынан қалалық мәслихат сайлауына түсіп жатқан Светлана Бахишева мен Наджаф Мамедов тұрғындарды көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы тарапынан елімізде атқарылған іс-шараларға, Қазақстанның басты жетістіктеріне тоқталды.
Іс-шара барысында үміткерлер тұрғындардың да ұсыныс-пікірлері мен сауалдарын тыңдады.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Орал қаласының сайлау қорынан төленді.