Оралдықтар өнер майталманын еске алды

Биыл  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет майталманы  Мақсот Константинұлы Омарғалиевтің  туғанына – 75 жыл. Осы атаулы датаға орай қаламызда бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

 Алдымен  Мақсот Константинұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Сонымен қатар  «Ақ Жайықтың өнерін өрлеткен ер» атты кітаптың тұсау кесері өтті. Өнер адамының ресми түрде көзі тірісінде тұтынған заттары облыстық тарихи өлкентану музей қорына табысталды.

Сондай-ақ  Х.Бөкеева атындағы облыстық драма театрында «Өнерде қалған өшпес із…» атты еске алу кеші өтті.  

Іс –шараның басты мақсаты – өңіріміздің мәдениеті мен өнеріне өлшеусіз үлес қосқан асыл ердің есімін ұлықтап, өскелең ұрпаққа таныту. 

     Еске алу кешіне Мақсот Константинұлының  әріптестері  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, еңбек ардагері Жайсаң Ақбай, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сазгер  Донеділ Қажымов,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану PҺD докторы,  профессор, Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Асхат Маемировтар арнайы қатысты.  Өңіріміздің мәдениетінің дамуы үшін атқарған еңбегі мен зор үлесі жайлы қонақтар есті естеліктермен бөлісті.

Іс-шара соңында Мақсот Константинұлының зайыбы Шолпан Қуанышқалиқызы ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

 Өнер үшін туылып, артында өшпез мол мұра қалдырған өнер саңлағыныі есімі тыңдарман жүрегінде мәңгі сақталып, ұлықтала бермек.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *