Жеке тұрғЫн үйге ұрлыққа ТүскеН күдіктілер ұсТалды

2020 жылдың 21 желтоқсанында шамамен сағат 16. 40-та өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген 2 полиция қызметкері Ватутин мен Оразбаева көшелерінің қиылысында кетіп бара жатқан күдікті 2 тұлғаны тоқтатады.

Күдікті деп танылған тұлғаларды тоқтатқан Орал қалалық ПБ ЖПҚб ППб қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Сырым Қуантаев пен полиция лейтенанты Нұрхат Сейфолла суыт жүрістерін байқап, жөн- жосық сұрайды. Тәртіп сақшыларының сұрақтарына күдіктілер жауап бергілері келмей жалтарған. Содан кейін қалталарындағы алтын бұйымдарды күртік қардың үстіне лақтыра бастаған. Осы сәтте қырағылық танытқан екі инспектор ұрлық жасап, бой тасаламақ болған тұлғаларды ұстап, дереу жедел- тергеу тобын шақыртады. Алтын бұйымдармен бірге қолдарында ноутбук, ноутбукке қажетті қосалқы заттар мен Жаңа Жылдық сыйлықтар, қол сағаты, шырпы қорабы, есірткі тектес зат, суық қару- пышақ, т.б. жеке мүліктер болған. Орал қалалық ПБ -на жеткізілген бірі азиат, енді бірі европа нәсілді екі күдікті Ватутин мен Оразбаева көшелерінің қиылысындағы бір жер үйдің терезелерін ішке қарай итеріп ашып, пәтерге ұрлыққа түскендерін мойындады. Үйде кісі жоғын байқаған соң ойларын жүзеге асырыпты. 1981 және 1991 жылғы қос күдікті үй иесіне 150 мың теңгеге материалдық шығын келтірді.


Бүгінгі күні Орал қалалық ПБ тергеу бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188- бабының 3- тармағына сай қылмыстық іс қозғалды. Тергеу, тексеру амалдары жүргізілуде.
Жыл басынан бері 1628 ұрлық, 294 пәтер ұрлығы тіркелді.
Осылайша, ППБ инспекторларының кәсіби шеберліктері мен жіті қимылдары нәтижесінде сүт пісірім уақытта пәтер ұрлығы ашылды.

Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *