Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, «жасыл аймаққа» ауысты.
«Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 21 қарашадағы №34-ПГВр қаулысына мынадай өзгерістер енгізілді.
Демалыс және мереке күндері базарлар мен сауда үйлері жұмыс жасайды. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктер жүретін болады. Қаулыға сәйкес түнгі қозғалыс 00:00-ден 6:00-ге дейін шектеледі. Қаулы 9 желтоқсаннан бастап күшіне енетін болады.