2019 жылы наурыз айында Батыс Қазақстан облысында Shell, Eni халықаралық компаниялары EASST ағылшын ұйымы және БҚО әкімдігі жол қауіпсіздігі саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, «БҚО қауіпсіз жолдары» атты пилоттық жобаны іске асыруға бастау жасады. Жобаның жергілікті серіктесі «Гауhар жолы» ҚБ болып табылады.
Жобаның басты мақсаты – ЖКО жағдайларының және оның құрбандарының санын азайту, БҚО жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін жақсарту.
Осы жоба аясында мектептерде және өзге де оқу орныдарында білім беру іс-шаралары, азаматтық қоғам, жол-көлік ұйымдары мен тиісті уәкілеттік органдар үшін тренингтер, полициямен бірлескен ақпараттық науқандар өткізіліп келеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай жол-көліктік жарақаттанушылық деңгейі өсіп, әлемде өлімге әкелетін негізгі себептердің тізімінен бесінші орынды алады екен, жол-көлік жарақаттары үнемі 5 жастан 44 жасқа дейінгі адамдардың өліміне әкелетін ең кең тараған үш себептің бірі болып табылады.
Жолдарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығын және жол-көлік оқиғаларының өсіп отырған статистикасын ескере отырып, жобаның бас серіктестіктерінің қолдауымен «Гауhар жолы» ҚБ қоғамның назарын осы өзекті тақырыпқа назар аудартуға бағытталған бірқатар коммуникациялық іс-шаралар өтізуді жалғастырып келеді.
Жобаға жаңадан танылған және танымал тұлғалар, Жол Қауіпсіздігінің Елшісі атанған біздің жерлестеріміз: белгілі қазақстандық альпинист, биіктік белгісінде альпинизм бойынша бірнеше дүркін чемпионы және Қазақстан Республикасының біріншілік жүлдегері, әлемнің барлық 14 сегіз-мыңдығын бағындырған Мақсот Жұмаев, бокстан әлемнің олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, еркін күрес палуаны, Риодағы Олимпиаданың қола жүлдегері Екатерина Ларионова, дарынды әнші, «Евровидениеге» қатысқан Ержан Максим, сондай-ақ №23 жалпы орта білім беретін мектептің үздік оқушысы, гимнаст қызымыз Бисен Аружан да жобаға атсалысып, қатарына қосылып отыр.
Орал қаласында Жол Қауіпсіздігі Елшілерінің бейнелері пайда болды, олар келесі тақырыптар бойынша жол қозғалысының ережесін сақтауға шақырады: қауіпсіздік белбеуі, балаларды ұстып отыратын құрылғы, жолдағы көрінімділік және жарық шағылыстырғыштарды пайдалану, жылдамдық режимін сақтау, көлікті сау күйінде жүргізу.
Біз жерлестерімізді мақтан тұтамыз. Біздің Елшілер өздері үлгі бола отырып, жұртшылықтың назарын облысымыз бен тұтас елімізде жол қауіпсіздігінің басты мәселелеріне және жол жүру мәдениетіне аударуға көмектеседі деген сенімдеміз.
Біз жолдардағы адам өмірін бірге сақтап қаламыз!
Гүлнара Құсайынова,
«Гауһар жолы» ҚБ төрайымы