2020 жылдың 19 қарашасында 15-ші учаскелік полиция пункіті аймағында осы аудан тұрғындарынан «Құрылысшы» ықшам ауданына қарасты 39 үй ауласында есірткі заттарын пайдаланатын тұлға жүр,- деген хабарлама түскен.
Хабарлама ізімен осы мекен- жайға барған 15-ші учаскелік полиция пункітінің инспекторы, полиция лейтенанты Айдос Дусалиев 1991 жылғы А.есімді бейтаныс азаматты анықтады. Полиция қызметкері есірткі тектес заттарды пайдаланушы ретінде көзге түскен тұлғаны тінту барысында ұялы телефонының чехолына полиэтилен пакетке салынған ақ түсті ұнтақты тапты. Арнайы өткір иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат сот- медициналық сараптамасына жөнелтілді. Күдікті басқармаға жеткізілді. Істің мән- жайы анықталуда.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі