Жалдамалы пәтердегі заттарды ұрлаған

Жуырда өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлері пәтерді жалдап тұрған әйел адамның ұрлық жасағаны туралы жедел мәліметті қабылдады, — деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Осы кезде С.Датов көшесіндегі бір жәйлі пәтерде ұрлық орын алғанын мәлім болды. 18 учаскелік полиция пункітінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Асылан Нықпаев ақпаратты қабылдап, оқиға орынына дереу барған. Көп кешікпей жалдап тұрған пәтерден телевизор мен шаңсорғышты ұрлаған 2000 жылғы Д.есімді азаматша ұсталды. Полиция қызметкері «Құрылысшы» ықшам ауданындағы бір жәйлі пәтерге жасырынған азаматшаны тапқан. Ол ұрлыққа жол бергенін толықтай мойындады. Сонымен қатар, осы үйден ұрланған заттар табылып, тәркіленді. Тәркіленген жеке мүліктер өз иесіне қайтарылды.
Бүгінгі күні Орал қалалық ПБ тергеу амалдарын жүргізуде.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *