10 қарашадағы мәлімет бойынша 7300 жағдай тіркелген. Соның ішінде симптомдық 3570 науқас, симптомсыз 3730 науқас .
Сауыққандар саны 6900 адам (оның ішінде стационарлық ем алып сауыққандардың саны 3163 адам, амбулаториялық ем алып шыққан – 3737 адам).Жалпы 121 адам көз жұмды.
Аурушаңдық көрсеткіші 1107-ден 1%-ды құрайды. Аурудың өсу темпі 0,33 құрайды.
Тасқала, Жәнібек, Ақсай және Сырым санитарлық бекеттері жанында ашылған, 185 төсек-орын қоры бар төрт карантиндік ауруханада қазіргі таңда 28 науқас жатыр (толымдылығы 15,1%)
333 төсек-орындық алты инфекциялық ауруханаларда 113 адам емделуде (толымдылығы 33,9%). Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық көпсалалы аурухана және Бөрлі, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек облыстық ауруханалары базасында жұмыс жасайды. Сонын ішінде өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықталған 38 реанимациялық орын бар. Қазіргі таңда реанимацияда 10 адам емделуде (толымдылығы 26%).
Олардың ішінде 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар -80%-ды құрайды , 80 жастан жоғары – 20 % құрайды.
Пациенттердің барлығында ілеспелі аурулар бар:
- жүрек-қан тамырлары ауруы — 6 науқас -60% құрайды
- тыныс алу жүйелері аурулары 1 науқас -10% құрайды
- созылмалы бүйрек ауруы 1 науқас -10% құрайды .
Қазіргі уақытта өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ.
Сонымен қатар, 2044 резервтік төсек-орын қоры дайындалды, оның 1269-ы инфекциялық стационарларда, 775 карантиндік стационарларда.
Қабылданған шаралар
Емханаларда науқастарды қабылдау e-gov порталы, мобильдік қосымша, тіркеу бөліміне телефон шалу арқылы жоспарлы түрде өтеді. Емханаларда үш түрлі кіреберіс бар:
• Бірінші кіреберіс температурасы жоқ, жоспарлы науқастарға
• Екінші кіреберіс қызметкерлерге
• Үшінші кіреберіс балаларға және жүкті әйелдерге арналған
Емхана кіреберісінде келушілерді 2-ге бөлетін арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген жұмыс санитарлық посттар жұмыс жасайды. Емхана кіреберісінде келген науқасты адамға зиянсыз дезицил ерітіндісімен толығымен залалсыздандырылатын дезбарьер орналастырылған.
Дезинфекциялық тосқауыл персонал мен науқастардың инфекциядан, соның ішінде КВИ-дан қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Аймақтың барлық медициналық ұйымдарында санитарлық посттар ашылды, мұнда температураны өлшейді және COVID-19-қа тән белгілердің болуын анықтайды.
Әрбір емханалардың жаныңда коронавирустық инфекцияға қатысты барлық сұрақтарға жауап беретін жағдайлық орталықтары ашылды. Жағдайлық орталықтардың нөмірлері емханалар ғимараттарындағы экрандарында, веб-сайттарда және әлеуметтік желілерде көрсетілген.
Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына дене температурасының жоғарылауы, құрғақ жөтел, ентігу, кеуде қуысының қысылу сезімі, бас ауруы, диарея, жүрек айнуы, иіс пен дәмнің жоғалуы секілді аурудың белгілері пайда болған кезде үйде болуды және емханалардың ахуалды орталықтарында кеңес алуды сұраймыз. Медицина қызметкерлері сізге кеңес береді және жағдайға сәйкес дәрігерге қаралуды ұйымдастырады.
Сондай-ақ, облыстағы барлық емханаларда мобильді топ жұмыс істейді, олар COVID-19 белгілері бар және пневмониямен, үйде созылмалы аурулары бар науқастар, сонымен қатар жүкті әйелдер мен балалар көрсеткіштері бойынша бақылайды.
Мобильді бригадалар пациенттерді үйде ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар медициналық себептер бойынша және міндетті түрде ПТР-ға тест алынады.
Азаматтарға ыңғайлы болу және науқас адамдарды жедел анықтау үшін «109» CALL-орталығы тәулік бойы 3 ауысымда жұмыс істейді .
Өткен аптада 109 call-орталығына 2325 қоңырау келіп түсті, соның ішінде. COVID-19 инфекциясы бойынша — 799 қоңырау келіп түсті.
Өткен тәулікте 267 қоңырау келіп түсті, соның ішінде. COVID-19 инфекциясы бойынша — 187 қоңырау түсті.