2020 жылдың 31 қазанында 1981 жылғы Орал қаласының тұрғыны, В.есімді азамат басқармаға келіп, «Газель» маркалы көлігінің салонынан бірнеше жеке заттарының ұрланғанын айтып шағымданған.
Күдікті түн жарымында көліктің есігін бұзып ашу дағдысына сүйеніп, «Придорожная» көшесіндегі бір жер үйдің қасында тұрған көлікті ашып, қолына ілінген заттарды үптеген. Әп- сәтте көліктің салонын шашып, үйден біраз алыстап кеткен еді. Бұл ұрлық оқиғасын ашу үшін жедел уәкілдер бір аптадай іздеу іс- шараларын жүргізді.
Нәтижесінде 8 қараша күні 1991 жылғы Н.есімді тұлға құрықталды. Одан жеке заттар біртіндеп тәркіленді. Автокөліктен ұрланған жеке мүліктер өз қожайынына қайтарылуда. Құны 300 мыңнан аса теңгеге бағаланатын заттарын ұрлаған күдіктіні ұстаған полиция қызметкерлеріне қала тұрғыны алғысын айтты. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі