Қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында бөбекжайымызда тұрақты түрде штаб жұмыс істейді. Штаб қызметінің негізгі идеясы — қызметкерлермен кездесулер өткізу, сауалнама жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру және қызметкерлер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, қарсы әрекет ете білуге бағыттау. Бөбекжайда қызметкерлермен қатар ата- аналармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, сауланамалар алынып, басшылық тарапынан ақша жинамау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы бұйрықтармен үнемі таныстырылып, қол қойылып отырады. Осындай кезекті отырыс қызметкерлермен 2020 жылдың 18 қыркүйекте өткізіліп, қызметкерлер әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлық стандартымен таныстырылды. Отырыс соңында «Бөбекжайда сыбайлас жемқорлық жағдайы орын алдыма?» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, қорытындысы шығарылды.
Нұргүл Ишанғалиева,
Орал қалалық №38 «Бөбекжай» әдіскері