Өзіңнен баста!

Жуырда Орал қалалық полиция басқармасы ЖПҚб ЮПб қалалық білім беру бөлімімен бірлесіп, «Өзіңнен баста!» атты жобасы аясында Оқушылар сарайына «Жусан» бағдарламасы бойынша өңірімізге оралған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары арасында іс-шара ұйымдастырды.

Мақсаты- жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және құқықтық көмек көрсету.
                        
Шара барысында Орал қалалық ПБ ЖПҚб ЮПб учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Д.Темирова ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша жауапкершілікті түсіндіріп, оқушыларға қылмыс пен құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырды.
Балалар әр түрлі үйірме жұмысымен танысып, шара соңында балалар мен ата-аналар «Көңілді күн» флешмобына қатысып, «Менің әсерім» тренингі арқылы кәмелетке толмағандар өз ойларымен бөлісіп, алғыстарын білдірген болатын.

Орал қалалық ЖПҚб ЮПб

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *