Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
🔑ХҚО арқылы:
📌ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
📌Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.
🔑Мобильді топты шақырту арқылы:
📌»1414″ бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.
🔑Сізге қажетті құжаттар:
📍Жеке басыңыздың куәлігі;
📍Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
📍Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
📍Мүгедектігі жайлы куәлік;
📍Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
📍Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.
🔑Қызмет көрсету уақыты:
Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.
🔑Қызмет нәтижесі:
Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.
☝️Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.