А.Мыңбаева: «Оқушы мен педагог денсаулығын сақтауға басымдылық беріліп отыр»

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Облысымызда қашықтан оқыту  процесін ұйымдастыру» тақырыбында өткен брифингте БҚО Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлім етті.

— Оқу жылының екінші айы өтуде.Биылғы оқу жылында басымдылық  оқушылардың және педагогтардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылды, — деді Айгүл Әділгерейқызы.

Қазіргі таңда  өңірде 380 мемлекеттік мектеп болса, олардың 249 штаттық және 131 қашықтан жұмыс жасайды.
Жалпы мемлекеттік мектептердергі оқушылар контингенті 111 мыңнан астам болса, олардың 22 %-ы (24 621 оқушы) штаттық режимде, ал 48,6%-ы  (54 196 оқушы) қашықтан оқытылуда.
Облыста бастауыш сынып оқушыларының 66,2%-ы  (32 681 оқушы), мектепалды даярлық сыныптарының 53,3%-ы  (4 286 оқушы) кезекші сыныптармен қамтылған.
Биылғы оқу жылында 34 колледжде 17 мыңға жуық студент білім алуда. 6 колледжде  (педагогикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, IT мамандықтар дайындайтын)  сабақтар толық қашықтан,   19 колледжде (техникалық, технологиялық, аграрлық, медициналық, өнер) оқу процесінің  60% — қашықтықтан, 40% — зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту сабақтары ретінде  ұйымдастырылуда.
Ауылдық жерлердегі  контингенті аз  8 колледжде  оқу процесі талаптарды сақтай отырып,  штаттық   режимде ұйымдастырылды.
Облыс бойынша жергілікті жерлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының қаулыларына сәйкес 278 мектепке дейінгі ұйымдарда (80 жеке балабақшаларда) кезекші 1039 топтарда  ата-аналардың өтініштері негізінде 13172 бала (барлық баланың 44,9%)қамтылған.
Оқу процесінің ұйымдастырудағы келесі мәселелер басты назарда.
Біріншіден, барлық штаттық режимдегі және кезекші сыныптары бар мектептердің, колледждердің, мектепке дейінгі ұйымдардың  қызметі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылуда.
Білім беру ұйымдарда санитарлық нормалардың сақталуы облыс, аудан (қала) әкімдіктері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қатаң бақылауында.
Қазіргі таңда  аудан (қала) әкімдерінің орынбасарларының төрағалығымен мектептердегі санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету және оны қадағалайтын мониторингтік топтар құрылды.
Екіншіден, қашықтан оқитын мектеп оқушыларын тиісті құрылғылар мен интернетпен қамтамасыз ету.

Қашықтан оқитын оқушылардың 12 830-ы қайтарымды негізде мектептер балансындағы компьютерлермен қамтылды.
Оқушыларды компьютерлік құрылғылармен қамту үшін ҚР Үкіметі резервінен 14970 компьютерлік құрылғыны (компьютерлер – 1558, ноутбуктер – 11394, планшеттер – 2018) сатып алуға қаражат бөлінді, қазіргі таңда 4653 құрылғы жеткізіліп,  аудандарға және Орал қаласына үлестірілді. Бұл құрылғыларды таратуға «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, ата-аналар комитеттері мен қамқоршылық кеңес мүшелері, қоғамдық  ұйым өкілдері тартылып, әлеуметтік желілерге ақпараттар орналастырылуда.
Облыс бойынша қашықтан оқитын интернеті жоқ 3947 отбасыға  3947  құрылғы таратылды. Биылғы ұялы байланыс операторлары қашықтан оқыту кезінде оқушыларға мүмкіндік жасау үшін арзандатылған «Білім» тарифын ұсынды. Облыс бойынша бұл тарифмен білім беру ұйымдары арқылы2 мыңға жуық оқушы қамтылды.
Үшіншіден, білім платформалары жұмысы. Оқу процесін қашықтық форматында ұйымдастыру үшін  әр мектеп өз бетінше  мұғалімдердің негізгі сұраныстарына сәйкес келетін Bilimland, Edupage, Дарын онлайн білім платформаларына қосылды.
Қашықтан оқитын колледждер googleclassroom (2 колледж), CollegeSmartNation (26 колледж), EDUS (5 колледж) платформаларымен жұмыс жасайды.
Компания өкілдері, білім басқармасы мен облыстық әдістемелік кабинет қызметкерлеріменбұл платформаларды жүргізу бағытында әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
5-15 қазан аралығында 2-11 сыныптарда бөлімге 1 жиынтық жұмыс және 28 қазаннан бастап тоқсанға  1 жиынтық жұмыс  өткізеледі. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді.
Төртіншіден, оқу жылы басынан оқушылар арасында COVID-19 тіркелуіне келсек. Оқушылар арасында күні бүгін 5 оқушыда бұл аурудың сынама тесттері оң нәтиже көрсетті. Олардың 3-і кезекші сыныптардағы бастауыш сыныптың оқушылары, 2-і қашықтан оқитын оқушылар.
Бұл балалар  инфекцияны ата-аналары мен туыстарынан  жұқтырған. Қазіргі уақытта балаларда клиникалық көріністер жоқ,  амбулаториялық ем алуда.
Осы  сыныптардағы барлық оқушылар мен мұғалімдердің коронавирустық инфекцияға тапсырған сынамалары теріс нәтиже көрсетті.
10 қазаннан бастап Орал қаласының № 9 орта мектебінің, 13 қазаннан бастап Орал қаласының №6 орта мектебінің кезекші  сыныптары өз жұмысын бастады.
Келесі кезекте, балалардың бос уақытын ұйымдастыруға. Карантин режимі кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында дәстүрлі және қашықтықтан бірқатар іс — шаралар ұйымдастыруда.
Соның ішінде оқушылардың экология білімдерін жетілдіруге, отбасылық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ғылыми-техникалық шығармашылық бағытында байқаулар, квест марафондар, әртүрлі форматта зерттеу және ІТ марафондары өткізіліп, эсселер, акциялар мен челлендждер өтуде.
Облыс бойынша қосымша білім беру ұйымдары қашықтан жұмыс жүргізгенмен, балалар саз, өнер және көркемсурет мектептері оқушыларды жеке оқытатындықтан барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жұмыстарын штаттық режимде жүргізуде.
Жаңа оқу жылында ата-аналар, оқушылар арасында туындайтын сұрақтарға жедел жауап беру үшін   облыстық білім басқармасының call-орталығы 1301, 87471127407 телефондары тұрақты жұмыс істейді.
Сонымен қатар барлық аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің де  call-орталықтары да жұмыс жасауда.
Санитарлық- эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектептер бас санитарлық дәрігердің ұйғарымы негізінде ғана мектептердің оқу форматын өзгерту туралы шешімдер қабылданады.





Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *