Көбінесе абайсыздық немқұрайлылыққа әкеп соқтырады. Үйде немесе сарайда, шатырда, гаражда, көшеде, орманда, қалдырған сіріңке немесе темекінің қоқысы — мұның бәрі үлкен апатқа айналуы мүмкін.
Өртті сөндіруден гөрі оны болдырмау оңай дегенді адамдар білсе де өкінішке орай, бұл ережені барлығы сақтай бермейді. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау өте маңызды екенін ұғынбай жатады.
Сіріңкемен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:
1. Сіріңке қолданған кезде абай болыңыз. Қай жерде болсаңыз да, толықтай сөнбеген сіріңкені тастамаңыз.
2. Сіріңкелерді өзіңізбен бірге қажетсіз алып жүрмеңіз және балаларға оларды алуға рұқсат бермеңіз.
3. Сіріңкелерді кішкентай бала жете алмайтын жерге қойыңыз.
4. Сіріңкелерді жылытқыштардан алыс жерде сақтаңыз.
5. Сіріңке жағар алдында қорапты жабыңыз. Жоғарыдан төмен қарай соққы беріп, сіріңке жағыңыз.
6. Ашық отқа тыйым салынған жерлерде сіріңке тұтатпаңыз.
Бөрлі аудандық ТЖБ