Жас офицерлер кәсіби шеберліктерін шыңдады

Оралда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының базасында әскери жоғары оқу орнын 2019 жыл тәмәмдаған жас сардарлардың бес күндік оқу- әдістемелік жиыны өтті.

Жиынның мақсаты жас офицерлердің қызметтік-жауынгерлік және күнделікті қызмет процесінде бөлімшелерді басқару бойынша әдістемелік және практикалық дағдыларын арттыру, сондай-ақ жас мамандардың жеке кәсіби қасиеттерін жетілдіру және оларға жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің бірыңғай әдістемесі мен жаңа нысандарын беру болды.

Осы оқу-әдістемелік жиынның іс-сабақтарының жүргізу барысына «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник   Павел Ситников басшылық етті.

Алғашқы күні жиынды қалыптасқан тәртіп бойынша саптық тексерістен басталды.Одан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев жас лейтенанттармен ресми кездесуінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 2020 жылдың тоғыз айындағы жауынгерлік қызметінің қорытындылары туралы мәлімдеді.

Өз кезегінде өңірліқ қолбасшылықтың тәжірибелі  офицерлері мен басқарма бастықтары  бағыттары бойынша жас командирлермен қоғамдық тәртіпті сақтау, сот процестері кезінде сотталушыларды күзету, сотталғандарды жоспарлы және басқа қарауылдарда тасымалдау кезінде күзету бойынша қызмет атқару тәжірибесімен, сондай-ақ аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету бойынша міндеттерді орындау ерекшеліктерімен бөлісті.

Әсіресе, жиында барысында түзеу мекемелерін күзетіп, қоғамдық тәртіпті қадағалайтын бөлімшелердің жеке құрамымен өткізілетін көрсетпелі-әдістемелік сабақтары, тәрбие және  әлеуметтік — құқықтық, жауынгерлік және штабтық дайындық, семинар, дәріс, нұсқамалық-әдістемелік, көрсетпелі,оқу-жаттығу сабақтары мен тақырыптық және қаржы, тыл мен  техника қызметі бойынша өткізген сабақтардан жас сардарлар күнделікті  қызметтеріне  қажет  толық  мәлімет алды.

Бес күн бойы Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал гарнизондарынан келген  30- ға жуық жас лейтенанттардан Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлықтарын, Қаулыларын, әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметінің негізгі басымдықтарын, функционалдық міндеттерін, жалпыәскери жарғыларын айқындайтын басшылық құжаттар мен директиваларды білуі бойынша сынақтар қабылданды.

Әсіресе, жиынның үшінші күні «Сұңқар» оқу-дала орталығында атыс даярлығы бойынша сабақтар барысында АК-74 автоматы мен Макаров тапаншасынан оқ ату, белтемірге тартылу және 100 метрге жүгіру, автомашиналар жүргізу және жаппай қырып-жою қаруынан қорғау, тактикалық, инженерлік дайындықтан сайысты.

Бірнеше топ бір-бірін алмастырып, бір оқу орнынан екіншісіне ауысты.

Атыс дайындығы бойынша сабақтар атыс негіздері мен ережелері бойынша сынақ тапсырудан басталды.

Екінші оқу орнында нормативтерді орындау пысықталды: автомат пен пистолетті толық бөлшектемегеннен кейін толық бөлшектеу, құрастыру, магазинді жабдықтады.

Ал сонғы нүктедегі ату сынағында Калашников автоматымен  Макаров тапаншасын ату сынағанда жас командирлер аса мергендіктерімен көзге  түсті.

Біз жас офицерлердің әскери қызмет жағдайларына бейімделуін үнемі қадағалап отырамыз, өйткені болашақта олар кез-келген жағдайда әрекет етуге дайын болуы керек. Оқу-жаттығу жиындарының басты міндеті түлектердің оқу кезінде алған білімдерін жетілдіру және өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін практикалық дағдыларды беру болды, — деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников.

Сабақтардан басқа, жиының қатаң кестесінде мәдени-демалыс іс-шараларға арналған орын болды. «Батыс» өнірліқ қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс  басқармасының мұрындығымен жиынға қатысушылар қонақжай қаланың көрікті жерлерін аралап, Ақжайық өңірінің сұлулығына таңдай қақып, тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қоса  қаланың  мұражайларын тамашалады.

????????????????????????????????????

Жиының қорытындысына «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы  генерал-майор Арман Жұмағалиев сараптама жасап, оның шешімін  жергілікті  іске  асыруға керектігін сөз  етті. Сондай-ақ  үздік көрсеткішке  қол  жеткізген жас лейтенанттарды  марапаттау  қағаздарымен  марапаттады.

Сөз соңында  айтарымыз жас командирлеріміз алдағы уақытта әскери дайындықтан да, саяси жағынан да, мәдени-тұрмыс  мәселелерінен де басқаларға үлгі болып, Отан қорғаудағы  белсенділіктерін арттыра  береді деген , — сенімдеміз.

подполковник Ерболат Сұлтанов, Орал

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *