Теолог маман оқушылармен кездесті

Жақында  «Өркен» комьюнити орталығының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында теолог маманмен кездесу өтті.

    Шараға Орал орталық мешітінің наиб имамы және Дін істер басқармасының  теолог маманы Убаев Наурыз Ибатұлы қатысып, оқушыларға  адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде дәріс берді.

     Діни экстремизмнің алдын алу жөнінде жұмыстар, салт-дәстүрді сақтау,ұлттық құңдылықтарды насихаттау, отансүйгіштік, рухани- адамгершілік,азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыру,бірлік пен бірегейлікті тәрбиелеу мақсатында балаларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесуі жөніңде ақпарат берілді.

  Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген әр-түрлі сұрақтар қойып, өздеріне керекті мағлұмат алып, бойларына рухани әсер алды.

ҚМДБ-ның БҚО  бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *