Абай болыңыз, жаяу жүргінші!

Бүгін қаламыздағы белсенді жастардың бастамасымен Орал қаласында игілікті акция ұйымдастырылды.

Акцияға жастар және Орал қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамы белсене қатысты. » VOLUNTEERS» жастар қоғамдық бірлестігінің «Жастар бақылауы» жобасын жүзеге асыру мақсатында және «BIRGEMIZ» волонтерлар корпусымен бірлескен акция жол- көлік апаттарының алдын алу мен жол апатынан туындаған дене жарақаттарының алдын алу мақсатында «Абай болыңыз, жаяу жүргінші!» атауымен басталды. Акцияға қатысушылар «Азиза» сауда үйі төңірегіндегі жаяу жүргізушілерге жол үстінде сақтыққа шақырған жадынамалар мен буклеттер таратты.


Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *